«Алты Алаштың баласы қосылса, төр – мұғалімдікі». Мұны Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаев өткен ғасырда айтқан. Содан бері қанша уақыт өтсе де, бұл асыл сөз өз құндылығын жоғалтпады. Жыл сайын 100-ден астам мемлекетте Дүниежүзілік мұғалімдер күні атап өтіледі. Бұл – барлық мұғалімдердің, оқытушылар мен жалпы білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл мамандық иелерінің бүгінгі мәртебесі қандай? Бұл сұрақтың жауабы – «Педагог мәртебесі туралы» Заң.
Мұғалімнің мәртебесі қай мемлекетте, қашан да жоғары болуы керек. Тәуелсіз еліміздегі бүгінгі мектептің басты міндеті – оқушыны оқуға, ойлануға, болашақ тағдырын жете танып, білуге үйрету екені айқын. Қазіргі таңда мұғалімнің мәртебесіне рухани жағынан, Заң жүзінде де ерекше көңіл бөлінуде. Әрі мұғалімге жүктелген талап та жоғары. Өскелең ұрпақты тәрбиелеп, білім беретін маманға өркениетті елдер аса құрметпен қарайды. Мұндай көзқарасқа біз де қол жеткіздік. Сондықтан да тәуелсіз Қазақстанда мұғалімге деген құрмет жыл сайын артып келеді деп сенімді жауап бере аламын. Сөзімнің дәлелі – биыл күшіне енген «Педагог мәртебесі туралы» Заң.
«Педагог мәртебесі туралы» Заңның 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында педагогтің ерекше мәртебесі танылады, бұл оның кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз етеді. Заңда педагогтің әдебі, кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары, педагогті материалдық және материалдық емес қамтамасыз ету, т.б. мәселелер қамтылған.
Бірінші, материалдық емес ынталандыруға тоқталайын. Педагогтің аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін оған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік наградалар, оның ішінде «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы беріледі. Бұл атаққа ие болған педагог республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде біржолғы төлем алады.
Сонымен қатар Заңға сәйкес педагог білімін жетілдіріп отыруға, қайта даярлау курстарынан өтуге, біліктілігін мерзімінен бұрын көтеруіне болады.
Екіншіден, Заңда педагогті материалдық ынталандыру көзделген. Заң аясында педагогтерге адал еңбегі және өзінің кәсіптік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін ұйымның ішкі тәртіп қағидаларында көзделген көтермелеулер қолданылады. Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасындағы халықаралық олимпиадалардың, конкурстардың және спорттық жарыстардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған педагогке тиісті мемлекеттік білім беру ұйымының қызметі бойынша үнемдеу есебінен үш лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді.
Жергілікті атқарушы органдар біржолғы сыйақы төлей отырып немесе онсыз, жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарды тағайындау және ынталандырудың өзге де нысандары арқылы, оның ішінде Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелік күндерге орай педагогтерді көтермелеудің қосымша шараларын белгілеуге құқылы. Жыл сайын республикалық бюджет қаражаты есебінен «Үздік педагог» атағын иеленушіге ҚР Үкіметі айқындайтын мөлшерде және тәртіппен сыйақы төленеді.
Аружан ЖЕҢІСБЕКОВА
газета «Рудненский рабочий»
Сейчас он находится под подпиской о невыезде (далее…)
1 ноября студент Рудненского политехнического колледжа Корякин Артем занял второе место в конкурсе профессионального мастерства…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
This website uses cookies.