Categories: Новости

Елбасы сенімі – ел сенімі

2011 жылы парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңына толықтырулар енгізіліп, 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні болып белгіленді. Міне, содан бері аталмыш мереке еліміздің барлық өңірінде дәстүрлі түрде тойланып келеді.

Бұл күн бекер таңдалып отырған жоқ. 1991 жылы, дәл осы күні тәуелсіз қазақ елінде алғашқы президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев айқын басымдықпен жеңіске жеткен болатын. Иә, ол кезде тәй-тәй басқан Қазақстанның болашағына күмәнмен қарағандар аз болған жоқ.

Алайда, ел тізгінін қолға алған Нұрсұлтан Әбішұлы аз уақыт ішінде тұралап қалған ел экономикасын аяғынан тік тұрғызып, елдің еңсесін көтерді. Сонымен қатар, шекарамыз шегенделіп, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, діліміз қайта жанданды. Әлемге тарыдай шашырап кеткен қандастарымыздың да атамекенге оралуларына мүмкіндік туды.

Ең бастысы ел бірлігіне баса мән берілді. Осы бірлік пен татулықтың арқасында босағамыз бекіп, әлемдік аренада саяси салмағымыз артты.

Елбасының осы сара жолын жастарға үлгі-өнеге ету мақсатында мемлекеттік тілдегі кітапханада «Елбасы сенімі – ел сенімі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара барысында оқушыларға Елбасының өмірі мен еңбек жолы түсіндіріліп, кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеге Елбасының Кеңес Одағы тұсындағы оқиғаларды талдауға, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының орны мен рөлін анықтауға арналған және 1996-2008 жылдар аралығындағы Жолдаулары қамтылған «Ғасырлар тоғысында», «Елбасы жолдады – елі қолдады» атты кітаптары қойылған.

«Көші-қон және қазақ әлемі», «Елмен сырласу», «Елбасы және мәдениет» және тағы да басқа құнды туындылары көрме төрінен орын алған. Онда Елбасының еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы көші-қон саясатына, халқымыздың мәдениеті мен тарихына қатысты жасаған баяндамалары мен жарық көрген мақалалары топтастырылған.

Қанат МОЛДАҒАЛИЕВ
газета «Рудненский рабочий»

Редактор

Recent Posts

Педагог из Рудного вошла в тройку лидеров республиканского конкурса «Читающая нация»

Учительница русского языка и литературы из Рудного Татьяна Кузнецова занимает третью строчку в категории «Читающий…

1 день ago

Почти 800 млн тенге вложили в переработку отходов в Рудном

В 2025 году в Рудном реализовали два инвестиционных проекта по сортировке и переработке отходов. (далее…)

4 недели ago

Горнодобывающая отрасль Костанайской области снизила объемы производства на 10,6%

За восемь месяцев 2026 года предприятия отрасли произвели продукции на 483,7 млрд тенге. Годом ранее…

1 месяц ago

Рудненские пистолетчики оказались в числе лучших в Казахстане

Серебро Чемпионата Республики Казахстан и норматив кандидата в мастера спорта — результат, который стал очередным…

2 месяца ago

Рудненская городская поликлиника закупает мобильный комплекс для школьной медицины

Аппаратура стоимостью 4 800 000 тенге предназначена для работы в школьных медкабинетах и на выездных…

2 месяца ago

This website uses cookies.