Қалалық тілдерді оқыту орталығында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күніне орай «Еңбек түбі – береке» атты сабақ сайысы өтті.
Оған «КЕГОК» АҚ «Сарыбай жүйеаралық электр тораптары» филиалы мен Рудный қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қатысып, өзара сынға түсті.
Шара барысында қатысушылар екі топқа бөлініп, Абай мен Ахмет Байтұрсынов сынды ұлы тұлғаларымызға қатысты сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, маңызды жыл атаулары берілген сандардың құпиясын ашып, суреттерден сөздер құрастырды. Осылайша жыл бойы алған білімдерін саралап, біліктерін сараптады.
Арасында өзге ұлт өкілдері де бар. Жаман емес. Әсіресе, тілдері жатық. Сайыс сабағын жүргізген аталмыш орталықтың әдіскері Жанат Досубаеваның әр тапсырмасын мұқият тыңдап, дұрыс жауап беруге тырысып бақты. Соңында барлық қатысушылар, әдеттегідей, бірге қосылып, ән шырқап, естелікке суретке түсті.
– Жыл аяғында қалалық тілдерді оқыту орталығының әдіскерлері мен мұғалімдері өз тыңдаушыларының арасында жыл бойы алған білімдерін бір саралап шығу үшін ашық сабақтар ұйымдастырып отырады. Бүгінгі сайыс сабағы осы мақсатта өткізіліп отыр. Тыңдаушыларымыздың аяқ алыстарына қуанып отырмын. Еңбегіміздің зая кетпегені көрініп тұр, – дейді қалалық тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанна Ерманқызы.
Қанат МОЛДАҒАЛИЕВ
газета «Рудненский рабочий»
Учительница русского языка и литературы из Рудного Татьяна Кузнецова занимает третью строчку в категории «Читающий…
В 2025 году в Рудном реализовали два инвестиционных проекта по сортировке и переработке отходов. (далее…)
За восемь месяцев 2026 года предприятия отрасли произвели продукции на 483,7 млрд тенге. Годом ранее…
Серебро Чемпионата Республики Казахстан и норматив кандидата в мастера спорта — результат, который стал очередным…
Аппаратура стоимостью 4 800 000 тенге предназначена для работы в школьных медкабинетах и на выездных…
Пока же ведомство объявило закупку медицинских изделий (далее…)
This website uses cookies.