Биыл Қашар кентінде үш балалар алаңы бой көтеріп, негізгі және аулаішілік жолдарды жөндеу жалғасады. Сондай-ақ, қаңырап бос тұрған үй ғимараттарын консервациялау қолға алынады. Бұл туралы халықпен есептік кездесуінде әкім Арман Алдоңғаров мәлімдеді.
Бүгінде кен байлықтың үстінде орналасқан Қашар халқының саны табиғи өсім мен ішкі көші-қонға байланысты 12 683 адамға жетті. Еңбекке жарамды 4903 азаматтың 4233-і жұмыс істейді.
Енді әкім баяндамасындағы маңызды оқиғалар мен сандарға тоқталсақ. Былтыр көктемде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қостанайлық меценат Сабит Жайлаубаев көпбалалы Бүркітбаевтарға үш бөлмелі жаңа пәтерді сыйға тартып, асқан жомарттық үлгісін көрсетті. Іле-шала жергілікті кәсіпкерлер Александр Адамчук, Лилия Орлова мен Ринат Багаутдиновтар қоныс иелеріне тұрмыстық техника сатып алып берді.
Денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер байқалады. 2019 жылы кент ауруханасына 15 млн теңгеге үш жедел жәрдем көлігі, 4,8 млн теңгеге зарарсыздандырғыш пен биохимиялық талдағыш сатып алынды. Аурухананың дәрігерлік диагностика бөлімшесі жөндеуден өтіп, медициналық ұжым үш дәрігермен толықты. Дегенмен терапевт және балалар дәрігері тапшылығы әлі байқалады. Білікті мамандарды тартуға жағдай жасау үшін әкімдік өткен жылы аурухана балансына екі пәтерді өткізді. Биыл баланс тағы екі пәтермен толықпақ.
Қашар халқы үшін басты жаңалық, 40 жыл жөні дұрыс жөндеу көрмеген «Юность» мәдениет үйі адам танымастай өзгерді. Бұған
Қостанай облысы әкімдігі мен ERG арасындағы өзара әріптестік туралы меморандумға сәйкес 289 млн теңге бөлінді. Қазір мәдениет ошағындағы 23 шығармашылық клубта 300-ге тарта ауыл тұрғыны қатыстырылған.
2019 жылдың күзінде «ССКӨБ» АҚ бастамасымен 2-ші шағын ауданда скейт саябағы салынды. Осылайша экстремалды спорт түрін жанына серік еткен жастар заманауи, қауіпсіз алаңда шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алды.
Экономика саласына келсек, Қашарда 200 шағын кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Оның 2-і банк филиалы, 5 дәмхана, мейманхана, сауда ойын-сауық орталығы, сақтандыру компаниясы мен нотариалдық қызмет көрсететін екі ұйым.
Бюджетке салық және басқа түсімдер көлемі 28 млн 488 мың теңгені құрады.
Арман Алдоңғаров бюджеттік қаржының неге, қандай мақсатқа жұмсалғанын тиынына дейін есептеп берді. Ал, кеттік…
Абаттандыру мен көгалдандыру – 41 млн 580 мың теңге, ойын және спорттық алаңдарын сатып алу және орнату – 11 млн 954 мың теңге, жарықтандыру – 16 млн 228 мың теңге және тағысын тағылар.
Айта кетейік, жолдарды жөндеуге облыстық қазынадан 200 млн теңге бөлінді. Конкурс қорытындысы бойынша 161,1 млн теңге көрсетіп, жеңіске жеткен мердігер ұйым 41 653 шаршы метр тас жолды жаңартты.
Жылу және құбыр желілерін жөндеу, кәріз-сорғыш стансасының жабдықтарын ауыстыру, газ тарту, қар тазарту тағы басқа жұмыстар жоспарға сай жүзеге асырылды. Жалпы айтқанда, кенттегі саяси-экономикалық жағдай тұрақты, халықтың тұрмыс-тіршілігі жаман емес. Жарты жылға толар-толмас қызметінде отырған Арман Алдоңғаров халқына жақын әкім екендігін сөзбен емес, іспен көрсетуге тырысып жүр. Әрине, бұл бастамасы ғана деп бағалайық.
Айта кететіні, есептік кездесуге Рудный қаласының әкімі Бақытжан Ғаязовпен қатар ҚР Президенті әкімшілігінің инспекторы Бауыржан Қасенов қатысты.
Баяндамадан соң халық көкейдегі сұрақтарын қойды. Тұрғындар көбіне коммуналды саладағы түйткілдер: құрылысы аяқталмай бос жатқан ғимараттарды жою, көп қабатты тұрғын үй шатырларын жөндеу, жеке секторға коммуникация тарту, жаздыгүні ыстық су беру мәселесіне алаңдаулы.
Қашар кентінің әкімі Арман Самұратұлы сауалдарға жауап бере отырып, аталған мәселелердің оң шешімін табуға ықпалдасатындығын алға тартты.
Айдын ҒАЛЫМҰЛЫ,
газета «Рудненский рабочий»
суретті түсірген Ануар НҰРЖАНОВ
Сейчас он находится под подпиской о невыезде (далее…)
1 ноября студент Рудненского политехнического колледжа Корякин Артем занял второе место в конкурсе профессионального мастерства…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
This website uses cookies.