Categories: Новости

Көш көрікті, көшу ерікті

Былтыр Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарынан және Шымкент қаласынан Қостанай өңіріне 814 адам көшіп келсе, оның 195-і Рудный қаласына орналастырылды.

Жұмыспен қамту орталығының директоры Жасұлан Мұқановтың айтуынша, мемлекет тарапынан қолға алынған ауқымды бағдарлама кеншілер қаласының еңбек нарығын нығайтуда, кадр тапшылығын жоюда, тұрғылықты халықты көбейтуде өз нәтижесін беріп келеді.

– Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Рудныйға қоныс аударған 938 (оның 743-і оралман) адамның әрқайсысына 35 айлық есептік көрсеткіш көлемінде демеуқаржы төленді. Бұл мақсатқа 83 186 мың теңге жұмсалды. Сонымен қатар тұрғын үйді жалға алу, коммуналдық төлемдерді өтеу бойынша 527 адам мемлекет көмегіне жүгініп, 162 972 мың теңге құрайтын шығынның орны толтырылды, – дейді Жасұлан Балғабайұлы.

Кеншілер қаласында жаңа өмірді бастағандардың басым бөлігі бүгінде баспаналы болып, «екі қолына бір күрек» тапқан.

– Біз Тараз қаласынан былтыр жазда көшіп келдік. Қазір №13 мектепте математика пәнінің мұғалімімін. Күйеуім болса, «ССКӨБ» АҚ «Соколов» шахтасына жұмысқа орналасты. Екі балам мектепке барады. Рудныйда туысқандарым тұратындықтан тез үйренісіп жатырмыз. Мемлекеттің бұл саясатына шын ризамыз, – дейді Анар Жүнісова.

Айта кетейік, еңбек ресурстарының тиімділігін арттыру бойынша жұмыс күші көп оңтүстік өңірлерден тұрғындарды тарту биыл да жалғасын
тауып, Тобыл өңіріне 850 адам көшіп келеді деп жоспарланып отыр.

Айдын АСҚАР,

газета «Рудненский рабочий»

суретті түсірген Ануар НҰРЖАНОВ

Редактор

Recent Posts

Педагог из Рудного вошла в тройку лидеров республиканского конкурса «Читающая нация»

Учительница русского языка и литературы из Рудного Татьяна Кузнецова занимает третью строчку в категории «Читающий…

1 час ago

Почти 800 млн тенге вложили в переработку отходов в Рудном

В 2025 году в Рудном реализовали два инвестиционных проекта по сортировке и переработке отходов. (далее…)

4 недели ago

Горнодобывающая отрасль Костанайской области снизила объемы производства на 10,6%

За восемь месяцев 2026 года предприятия отрасли произвели продукции на 483,7 млрд тенге. Годом ранее…

1 месяц ago

Рудненские пистолетчики оказались в числе лучших в Казахстане

Серебро Чемпионата Республики Казахстан и норматив кандидата в мастера спорта — результат, который стал очередным…

2 месяца ago

Рудненская городская поликлиника закупает мобильный комплекс для школьной медицины

Аппаратура стоимостью 4 800 000 тенге предназначена для работы в школьных медкабинетах и на выездных…

2 месяца ago

This website uses cookies.