Жыл сайын донорлар тапсырған қан миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Олардың көмегімен өлім аузында жатқан науқастардың жағдайларын жақсартып, сонымен қатар күрделі хирургиялық оталар, медициналық процедуралар жүргізіледі. Осы орайда «ССКӨБ» АҚ жұмыскерлері «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», ерікті түрде қан тапсыру шарасына қатысты.
«Қан тапсыр да, өмірді құтқар!» акциясын Облыстық қан орталығы ұйымдастырды. «Бір адамның өмірін құтқару, бүкіл адамзаттың өмірін құтқарумен тең» деген. Ал «бір адамның өліміне себепкер болу, бүкіл адамзатты өлтірумен тең» дейді. Осы қағидаға сүйенген кеншілер жыл сайын донор болуға дайын екендіктерін көрсетуде.
– «Борышымды ақтаймын. Өмір беріп өзгеге, Өмірімді сақтаймын!» деген екен Мұқағали ақын «Мен – донормын» өлеңінде. Шынымен де, деніміз сау болса, неге қан тапсырып, өзгелердің өмірін сақтауға көмектеспеске? Мен мұндай игі шараларға үнемі қатысып тұрамын және әр қан тапсырғаннан кейін көңіл-күйім жақсарып, күш-қуатым артып, өзімді өте жақсы сезінемін, – дейді кәсіпорынның белсенді жас маманы Мади Қамбаров.
Донорлардың әрқайсысы 450,0 мл көлемде қан тапсырды. Сау адамның ағзасы үшін мұндай мөлшердегі қан физиологиялық қауіп тудырмайды, сонымен бірге қан ағу қаупі деп жоқ. Зерттеулер нәтижесі мен сарапшылар тәжірибесі донорлық адам денсаулығына пайдалы екенін көрсетті. Атап айтсақ, қан тапсыру кезінде қан айналым және иммундық жүйе жақсарып, донорлар қауіпті жаңадан пайда болған ісіктерге және жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялық ауруларына сирек шалдығады.
Айта кетейік, қайырымдылық акцияның бірінші күні кәсіпорынның 50-ден астам жұмыскері қатысып, 25 литр қан тапсырылды. Бұл, өз кезегінде, кемінде 100 адамның өмірін арашалап қалуға мүмкіндік бермек.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ
газета «Рудненский рабочий»
В Костанайской области полицейские раскрыли схему систематического хищения дизельного топлива, организованную на одном из промышленных…
Однако подтвердил нарушение законодательства о естественных монополиях (далее…)
Водители ждут этого уже третий месяц, передает "ТоболИнфо" (далее…)
Он собирался ехать в Костанай, но потом перестал выходить на связь, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)
Водители, пользующиеся автодорогой, продолжают платить за проезд, несмотря на то что на трассе активно ведутся…
Трассу полностью обновляют впервые за 30 лет (далее…)
This website uses cookies.