Карантиндік шараларға қарамастан «ССКӨБ» АҚ жоспарланған өндірістік көрсеткіштерді толығымен атқарып келеді. Мәселен, үстіміздегі 10 айда кен алыбы Қазақстан, Ресей мен Қытайдағы серіктестеріне 11,5 млн тонна темір кені шикізатын жөнелтті. Соның ішінде, Аспан асты елі қаңтар-қазан айларында 4,1 млн тонна өнімді қабылдап отыр. Бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен екі есеге артық.
Жақында рудныйлық кеншілер «ҚТЖ-жүк тасымалы» және «Қытай темір жолдары» компаниясының өкілдерімен бейне-конференцияда жүздесті. Жиында Қытайдағы Баган металлургия зауытына темір кені тасымалын арттыру және ыңғайлы логистика үшін жүк вагондарының дөңгелек жұптарын қайта жасақтау мәселелері талқыланды.
Келісім бойынша желтоқсанда дөңгелегі өзгертілген вагондармен шекемтастың сынамалы партиясы Достық стансасы арқылы шекара аспақ. Барлығы ойдағыдай жүзеге асса, кәсіпорын қытайлық әріптестеріне жыл сайын 5 млн тонна және одан да артық тауарлық өнімді жеткізетін болады.
Айта кетейік, бүгінде «ССКӨБ» АҚ темір кені концентратының сапасын арттыру бойынша да жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Фабрикалық кешенде жүргізілген жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде ондағы темірдің үлес салмағы 66-дан 67-68 пайызға көтерілді.
«ССКӨБ» АҚ Баспасөз қызметі
В 2025 году в Рудном реализовали два инвестиционных проекта по сортировке и переработке отходов. (далее…)
За восемь месяцев 2026 года предприятия отрасли произвели продукции на 483,7 млрд тенге. Годом ранее…
Серебро Чемпионата Республики Казахстан и норматив кандидата в мастера спорта — результат, который стал очередным…
Аппаратура стоимостью 4 800 000 тенге предназначена для работы в школьных медкабинетах и на выездных…
Пока же ведомство объявило закупку медицинских изделий (далее…)
КГКП «Рудненский горно-технологический колледж» Управления образования акимата Костанайской области объявил конкурс на закупку современной компьютерной…
This website uses cookies.