Categories: Новости

Ғылымға жаңа серпін

Күздің алғашқы күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын жариялап, еліміздің одан әрі дамыту стратегиясымен таныстырды.

Мемлекет басшысы өз сөзінде білімнің қолжетімді, әрі сапалы болуын қамтамасыз етудің маңыздылығы мен денсаулық сақтау саласын дамыту жайында айта келіп, отбасылық-демографиялық жағдайына және балалардың құқығы мен қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірді.

Мен жас маман ретінде отандық ғылымды дамыту тұрғысындағы Президенттің Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсыруы ғылыммен айналысатын жастарға жақсы қолдау екенін атап
айтқым келеді.

Президент Жолдауындағы біздің назарымызды аударған тағы  басымдылықтың бірі – «III Теңдестірілген аудандық даму» іс-қимыл жоспарындағы  моноқалалар мәселесі болды. Себебі, біз Қазақстанның өнеркәсіпті моноқалаларының бірі Рудныйда білім алып, еңбек етіп, өмір сүріп жатырмыз.

Рудный – Қостанай облысының локомотиві. Рудный моноқаласы өз мәртебесіне «ССКӨБ»АҚ қалақұрушы  кәсіпорынның арқасында ие болса, өз кезегінде осындай ірі кәсіпорынды кенші мамандармен, басқа да жұмыс күшімен қамтамасыз етуде 60 жылдық тарихы бар Рудный индустриялық институтының үлесі зор.

Біздің оқу орнымыз еліміздің солтүстік өңіріндегі тау-кен өнеркәсібі, энергетика және құрылыс кешені үшін инженерлік кадрлар даярлау орталығы болып табылады. Сондықтан да Мемлекет басшысының: «Біздің моноқалаларға «екінші тыныс» беру өте маңызды. Бұл жерде қалақұрушы кәсіпорындарға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Олардың белсенді қатысуынсыз бұл міндет орындалмайды», – деген бастамасы бізге қанат бітіреді.

Осыған орай болашақта да Рудныйдың гүлденген, индустриалды қала ретінде қалыптасуына біздің институт ғалымдары, оқытушылары және түлектері өздерінің елеулі үлестерін қосады деп сендіргім келеді.

Сабира ЖҮНІСОВА,

Рудный индустриалдық институтының оқытушысы

Редактор

Recent Posts

Новые автобусы вышли на маршруты в Рудном

Современные автобусы выстроились на центральной площади города задолго до начала торжественной церемонии. (далее…)

2 недели ago

В парке Рудного в районе ЦУМа заменят систему освещения

На обновление инженерных сетей и установку современных светодиодных светильников направлено 13 538 220 тенге (без…

3 недели ago

В Рудном для городского парка закупят сказочные фигуры, а на пляж завезут новый песок

Городской парк культуры и отдыха акимата города инициировал два государственных закупа, направленных на благоустройство и…

3 недели ago

В Рудном началась масштабная модернизация мобильной сети

Город избавляется от «белых пятен» и готовится к запуску 5G, передает rydnyimedia.kz (далее…)

2 месяца ago

Какбудет выглядеть 11 микрорайон в Рудном после преображения?

С застройкой 11-го микрорайона ознакомились депутаты областного маслихата (далее…)

2 месяца ago

Уже 4 квартиры реализовано в Рудном в рамках Концепции развития жилищно-коммунальной инфраструктуры

В рамках данного Соглашения АО «КЖК» приобрело 25 арендных квартир. (далее…)

3 месяца ago

This website uses cookies.