Categories: Новости

Тамыз конференциясы

Жаңа оқу жылы қарсаңында еліміздің барлық аймақтарында тамыз конференциясы өтеді. Биыл да сол үрдіс жалғасын тауып, қаламыздағы білім беру ұйымдарының басшылары мен ұстаздары №7 мектеп-гимназиясында бас қосты. Бұл жолғы шара «Рудный қаласының білім беру жүйесіндегі білім беру сапасы мен жаһандық құндылықтары» тақырыбы аясында өтті

Басында қатысушыларға «Заманауи қалалық білім беру ортасы: даму кеңістігі және табыс» атты интерактивтік панорама көрмесі ұсынылды. Бұдан соң, балабақшалар мен мектеп ұжымдары тарапынан ұйымдастырылған «Мектепке дейінгі білім беру зертханасы» атты бейнефильм және лего құрылымдары мен сәнді ұсақ тастар арқылы оқушылардың шығармашалығын, ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту ойындарын тамашалады. Соның ішінде №15 балабақшасының LEGO құрастыру технологиясын асық ойынының әдіс-тәсілдерімен біріктіру арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың ой-өрістерін дамытуға арналған көрнекіліктері  мен №2 гимназиясы оқушыларының STEM бағыты бойынша құрастырған робот техникалары ерекше қызығушылық танытып жатты.

Сағат онда кеңеске қатысушылар мәжіліс залына жиналды. Жиын барысында Рудный қалалық білім бөлімінің басшысы Анаргүл Шаменова «Рудный қаласының білім беру жүйесі жағдайындағы әлемдік құндылықтары мен білім сапасы» жайында баяндама жасады. Бұдан кейін де бірқатар ұстаздар өз ойларын ортаға салып жатты. Ал, түстен кейін пәндер бойынша секция жұмыстары өтті.

Тамыз конференциясы екінші күні «Горняк» мәдени мейрамхана кешенінде жалғасты. Мұнда да интерактивтік алаңдар жұмыс істеді. Кеңеске қала әкімі Бақытжан Ғаязов қатысып, ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтады. Сондай-ақ, қаланың үздік деген ұстаздарын қала әкімі мен облыстық білім беру басқармасының құрмет грамоталарымен марапаттады. Салтанатты жиынның соңы концертке ұласып, жергілікті өнерпаздар қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады

Редактор

Recent Posts

Не все районы выполнили задание по вводу жилья на 2026 год

Об этом было заявлено на аппаратном совещании, которое сотоялось во вторник, 24 ноября, под председательством…

3 дня ago

Педагог из Рудного вошла в тройку лидеров республиканского конкурса «Читающая нация»

Учительница русского языка и литературы из Рудного Татьяна Кузнецова занимает третью строчку в категории «Читающий…

4 недели ago

Почти 800 млн тенге вложили в переработку отходов в Рудном

В 2025 году в Рудном реализовали два инвестиционных проекта по сортировке и переработке отходов. (далее…)

2 месяца ago

Горнодобывающая отрасль Костанайской области снизила объемы производства на 10,6%

За восемь месяцев 2026 года предприятия отрасли произвели продукции на 483,7 млрд тенге. Годом ранее…

2 месяца ago

Рудненские пистолетчики оказались в числе лучших в Казахстане

Серебро Чемпионата Республики Казахстан и норматив кандидата в мастера спорта — результат, который стал очередным…

3 месяца ago

Рудненская городская поликлиника закупает мобильный комплекс для школьной медицины

Аппаратура стоимостью 4 800 000 тенге предназначена для работы в школьных медкабинетах и на выездных…

3 месяца ago

This website uses cookies.