Жаңа оқу жылы қарсаңында еліміздің барлық аймақтарында тамыз конференциясы өтеді. Биыл да сол үрдіс жалғасын тауып, қаламыздағы білім беру ұйымдарының басшылары мен ұстаздары №7 мектеп-гимназиясында бас қосты. Бұл жолғы шара «Рудный қаласының білім беру жүйесіндегі білім беру сапасы мен жаһандық құндылықтары» тақырыбы аясында өтті
Басында қатысушыларға «Заманауи қалалық білім беру ортасы: даму кеңістігі және табыс» атты интерактивтік панорама көрмесі ұсынылды. Бұдан соң, балабақшалар мен мектеп ұжымдары тарапынан ұйымдастырылған «Мектепке дейінгі білім беру зертханасы» атты бейнефильм және лего құрылымдары мен сәнді ұсақ тастар арқылы оқушылардың шығармашалығын, ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту ойындарын тамашалады. Соның ішінде №15 балабақшасының LEGO құрастыру технологиясын асық ойынының әдіс-тәсілдерімен біріктіру арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың ой-өрістерін дамытуға арналған көрнекіліктері мен №2 гимназиясы оқушыларының STEM бағыты бойынша құрастырған робот техникалары ерекше қызығушылық танытып жатты.
Сағат онда кеңеске қатысушылар мәжіліс залына жиналды. Жиын барысында Рудный қалалық білім бөлімінің басшысы Анаргүл Шаменова «Рудный қаласының білім беру жүйесі жағдайындағы әлемдік құндылықтары мен білім сапасы» жайында баяндама жасады. Бұдан кейін де бірқатар ұстаздар өз ойларын ортаға салып жатты. Ал, түстен кейін пәндер бойынша секция жұмыстары өтті.
Тамыз конференциясы екінші күні «Горняк» мәдени мейрамхана кешенінде жалғасты. Мұнда да интерактивтік алаңдар жұмыс істеді. Кеңеске қала әкімі Бақытжан Ғаязов қатысып, ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құттықтады. Сондай-ақ, қаланың үздік деген ұстаздарын қала әкімі мен облыстық білім беру басқармасының құрмет грамоталарымен марапаттады. Салтанатты жиынның соңы концертке ұласып, жергілікті өнерпаздар қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады
Сегодня утром в общественный транспорт врезался грузовик. Пишет "Наш Костанай" Информацию подтвердили в ИП «Брунер…
О том, что она проводится в плановом режиме в соответствии с утверждёнными графиками и находится…
В Костанайской области полицейские раскрыли схему систематического хищения дизельного топлива, организованную на одном из промышленных…
Однако подтвердил нарушение законодательства о естественных монополиях (далее…)
Водители ждут этого уже третий месяц, передает "ТоболИнфо" (далее…)
Он собирался ехать в Костанай, но потом перестал выходить на связь, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)
This website uses cookies.