Categories: Новости

Ұстамы мықты ұстаз

Тобыл өңірінде жас та болса өмірлік ұстанымы өнеге, еңбек жолы замандастарына үлгі болар азаматтар баршылық. Солардың бірі – Рудный индустриялық институтының аға оқытушысы Медет Төретаев

Медет – тәуелсіздіктің құрдасы. Жастайынан зерек, білімге құмар болып өскен ол 2013 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның «Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бакалавр, ал 2015 жылы магистр дәрежесін алып шықты. Университетте жүріп-ақ үш тілді қатар меңгерген студент Германияның Дюссельдорф қаласында тағылымдамадан өтіп, АҚШ, Ресей мен еліміздегі бірнеше халықаралық ғылыми конференцияларға қатысты. Ара-арасында спортқа да көңіл бөліп, жасөспірімдер арасындағы футболдан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды.

– Жас кезімнен футуристік кітаптар мен фильмдерге қатты қызықтым. Меніңше, білім және ғылым саласының өкілдерін болашақтың «дизайнерлері» деген жарасымды. Өйткені олар адамзаттың шешілмеген құпияларын шешуге көмектесуде, – дейді ол.

Кейіпкеріміз еңбек жолын Алматының ғылыми-зерттеу институтынан бастайды. Ғалым-инженер ретінде жарты жылдай жаңа химиялық технологиялар мен материалдарды зерттеген ол 2015 жылы Рудный индустриялық институтына жұмысқа орналасады. Ұстаздық етіп, өзі секілді көзінде оты бар жастарды ғылымға жетелейді.

– Ұстаз – ғалым да, шахтер де бас иетін ұлы тұлға. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары мұғалімнің қоғамдағы мәртебесі төмендеп кетті. Биліктің қолшоқпарына, кім көрінгеннің жемтігіне айналды. Қазір сең қозғалды, мемлекетіміз педагог мәртебесін көтеруге нақты қадамдар жасай бастады. Келешекте біздің еңбегіміз әлемнің дамыған елдеріндегідей бағаланып, жағдайымыз жақсаратындығына сенімдімін. Ол үшін өзіміз де өзгеріп, жауапкершілігіміз бен ізденісімізді арттыра түсуіміз керек, – дейді жас жігіт.

Медет – 2017 жылдан бастап Экономика және құрылыс факультеті деканының орынбасары, әрі институттағы жас ғалымдар кеңесінің төрағасы. Үйленген, бір ұл мен қыздың қамқор әкесі. Бүгінде заманауи ұстаз алдына биік мақсаттар қойып, соған жету үшін аянбай тер төгіп келеді. Ендеше, іске сәт!

Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

газета «Рудненский рабочий»

Редактор

Recent Posts

Пропавшего рудничанина ищут полиция и волонтеры

Он собирался ехать в Костанай, но потом перестал выходить на связь, сообщает "ТоболИнфо" (далее…)

3 недели ago

Когда перестанут взимать оплату за проезд на трассе «Костанай–Рудный»?

Водители, пользующиеся автодорогой, продолжают платить за проезд, несмотря на то что на трассе активно ведутся…

3 недели ago

В течение недели решится вопрос о плате за проезд по дороге Костанай — Рудный

Об этом на брифинге сообщил директор Костанайского областного филиала АО “НК “ҚазАвтоЖол” Андрей Горват.  Об…

2 месяца ago

Полицейские нашли пропавших подростков из Рудного

Уже известно, что они пешком дошли из Рудного до села Константиновка Костанайского района. (далее…)

3 месяца ago

This website uses cookies.