«ССКӨБ» АҚ Қашар кенішінде күрделі жөндеуден кейін Hitachi ЕХ-3600 экскаваторы қайта жұмысына кірісті
Алып техника кеніште 2009 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында үш рет жоспарлы жаңартудан өткен
Соңғысында 1 млрд теңгеден артық инвестиция жұмсалып, электр сымдары, шынжыр табан ленталар, резеңке-техникалық бұйымдар, гидромотор мен сорғылар ауыстырылды. Редукторлар, майлау жүйесі мен жүріс бөлігі жөнделіп, жаңа шөміш орнатылды.
– Мен 64-ші экскаваторда бір жарым жылдан бері жұмыс істеймін. Менің тәжірибемдегі ең бірінші, әрі ауқымды жаңартуға экскаватор бригадасы мен «Eurasian Machinery» мердігер ұйымының қызметкерлері қатысты. Енді кемі екі-үш жыл бойы машинаақаусыз жұмыс істеп, еңбектің өнімділігі арта түседі, – деді машинист Тынышбек Әмірбеков
Жапондық техника кәсіпорында өзін тек тиімді қырынан көрсетіп жүр. Берік конструкция және шөміштің сыйымдылығы үлкен жұмыс көлемін жоғары жылдамдықпен атқаруға мүмкіндік береді. Ал ыңғайлы техникалық қызмет көрсету экскаваторды тәулік бойы пайдалануға жол ашып отыр.
Айта кетейік, бүгінде кен алыбының мамандары №65 Hitachi-ды күрделі жөндеуге кірісіп кетті.
«ССКӨБ АҚ Баспасөз қызметі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31