Салт-дәстүр – асыл қазына

Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез құлқын, қасиеттерін таныта алады

Бүгінгі өскелең ұрпақ туған халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тіршілік қағидасы мен салт-дәстүрін үнемі ұстанып, жалғастырса «нұр үстіне нұр» болады.

«Дәстүр мен ғұрып» жобасын іске асыру мақсатында, яғни дәстүр, әдет-ғұрыптар, ырым-тыйымдар сияқты халқымыздың ерекше қазынасы туралы ой толғауды, осы бағытта жұмыс жасауды «Қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» тоқтатқан емес. Сол себепті кітапханаларымыздағы салт-дәстүрді дәріптейтін кейбір кітаптарға тоқтала кетуді жөн көрдік.

Дәстүр – адамдардың іс-әрекетін, өмірлік көзқарастарын, рухани болмыстарын реттеу мәселесінде негізгі рөл атқарып, тәрбие негізін қалауға көмектеседі. Ерекше көзге түсетін, белгілі жерлес қаламгер, мәдениеттанушы, этнограф Сейіт Кенжеахметұлының «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабында «Өткенін білмейтін халықтың болашағы да болмайды» деген Әнуар Аңсардың тамаша сөздері эпиграф ретінде алынған. Тек қана осы бастама сөздердің өзінде зор мағына жатыр. Сонымен қатар бұл кітапта С.Кенжеахметов бұрын көп айтыла қоймаған ырым мен тыйым, жөн-жосық, ұлттық қағида, салт-дәстүр, ғұрып, ұлттық киім мен дастарқаны, әдеп пен әдет сияқты қазақтың өмірлік үлгі, тәлім-тәрбие ережелерін саралады.

Жинақта Абай Құнанбаевтың өз халқын «жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге» шақырумен бірге қазақ халқының әдет-салттарын, мінез-құлқын, тұрмыс-тіршілігін айқындайтын «Ескілік киімі», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», т.б. өлеңдері де аталып кеткен.

Қазақ халқы «Ас –адамның арқауы» деп, асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. «Даланың дарқан дастарқаны» атты бөлімінде «Кісе қуырдақ», «Бұқпа», «Сірне», «Ақсорпа», «Бүрме», «Шыж-мыж» сияқты ұмытылып бара жатқан ас атауына молынан түсінік берген. Қаламгеріміздің «Жеті қазына» атты 4 томдық еңбегінде әдеп-ғұрып, дін-діл, тәлім-тәрбие, жөн-жоралғы туралы толық мәлімет алуға болады. Және де «Халық айтса – анық айтады» атты бөлімінде Наурыз тағы басқа мерекелердің, ұлттық ойындардың дәстүрлі шарттары туралы мағлұмат берілген.

Жеті қазынаның екінші кітабында толығымен ұмытылып қалған ұлт дәстүрлері сарапталған. Мысалға, ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы жаугершілік замандарда екі жақ мәмілеге келіп, осы «Ақ үй аманат» салты арқылы бітімгершілікпен аяқталған.

Тұрғындар «Обычаи и обряды казахов в прошлом и настоящем», «Қазақтың той ойындары», М.Ш. Өмірбекованың «Қазақ халқының дәстүрлі өнерінің мәдени рәміздік негіздері», Ғ.Қайдауылқызының «Киелі кимешек», «Қазақ салт-дәстүрлері», «Қазақтың киіз үйі», тағы да басқа дәстүр мен ғұрыпқа арналған мәнді де, мағыналы тамаша асыл мұраларды біздің қалалық кітапханаларымыздан алып оқуға болады.

Танымдық, тәрбиелік мәні бар сарқылмас асыл, ұлы қазына салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды бағалайық!

Данаш ИСКАКОВА,
Мемлекеттік тілдегі
кітапхананың меңгерушісі

Редактор

Recent Posts

В Рудном задержан мужчина, который перерезал горло собаке

Сейчас он находится под подпиской о невыезде (далее…)

5 дней ago

Студент из Рудного стал серебряным призером конкурса профессионального мастерства в КНР

1 ноября  студент Рудненского политехнического колледжа Корякин Артем занял второе место в конкурсе профессионального мастерства…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

This website uses cookies.