Суретті «Вернисаж» сауда үйі маңындағы трансформатор стансасының қабырғасына «New Rud» қоғамдық жастар бірлестігінің еріктілері салған
Былтыр аймақтық әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінде ұйым «StreetArt» жобасымен 150 мың теңгенің грантын ұтып алды. Қаражат, әрине, қомақты емес. Бірақ бұл жерде белсенді жастар еңбекақы алып, пайда табуды мақсат тұтпады. Мақсат тұрғын үйлер мен қараусыз қалған ғимараттардың қабырғасына бояумен жазылған синтетикалық есірткі жарнамаларын өшіріп, ғасыр індетімен күреске үлес қосу болды. Ал ол үшін көп бояу мен шын ниет жеткілікті.
– Бізде бұл бағытта алты ерікті жұмыс жасайды. Олар – кәсіби суретшілер емес, десе де өз ісіне берілген жандар. Былтыр Рудный қалалық Полиция басқармасы Есірткімен қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен тығыз-қарым қатынас орнаттық. Нәтижесінде 200-ге тарта жарнаманың көзі құртылып, тұрғындардың жоғары бағасын алып үлгерген үш мурал дүниеге келді. Сондай-ақ Абайдың 175 жылдығы қарсаңында ұлы ақынның бірнеше қанатты сөздерін де қабырғаларға жаздық, – дейді бірлестіктің төрағасы Мария Зюванова.
Жастар бұдан бұрын да Урбанистика жобасы аясында қала көшелерінде бірнеше қабырға суреттерін бейнелеп, қаланың көркіне көрік қосқан болатын. «New Rud» биыл да игі шараны жалғастырып, краудфандинг ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ
газета «Рудненский рабочий»
Учительница русского языка и литературы из Рудного Татьяна Кузнецова занимает третью строчку в категории «Читающий…
В 2025 году в Рудном реализовали два инвестиционных проекта по сортировке и переработке отходов. (далее…)
За восемь месяцев 2026 года предприятия отрасли произвели продукции на 483,7 млрд тенге. Годом ранее…
Серебро Чемпионата Республики Казахстан и норматив кандидата в мастера спорта — результат, который стал очередным…
Аппаратура стоимостью 4 800 000 тенге предназначена для работы в школьных медкабинетах и на выездных…
Пока же ведомство объявило закупку медицинских изделий (далее…)
This website uses cookies.