Categories: Новости

Рудный индустриалық институтында жастар форумы өтті

Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Атадан балаға мирас болып келе жатқан осы баға жетпес асыл мұрамызды насихаттап, өскелең ұрпаққа мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығын ұғындыру мақсатында Рудный индустриалық институтында жастар жылына орай «Тіл. Жастар. Қоғам» атты жастар форумы өтті.

Форумға қатысушылар алдымен Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан ұйымдастырылған танымды көрмені тамашалады. Көрмеге ұлттық рухани құндылықтарымыз  бен осы сара жолда қол жеткізген толағай жетістіктері қойылыпты. Кейін барша жұрт залда бас қосып, қалалық жастар форумының салтанатты шарасына куә болды. Осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған айтулы шараға жергілікті атқару органдарының өкілдері, ардагерлер қауымы және белсенді жастар мен мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдері қатысты. «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деп бекер айтылмаса керек-ті. Жалынды жастарымыздың қолында жаныңа қуат берер «Біз – Қазақстанның болашағымыз», «Жалынды жастар – ел ұланы» деген қанатты сөздер жазылған плакаттар мен көк түсті жалаушалар. Сәт сайын «Жаса, жаса Қазақстаным! Жаса, жаса менің тілім!» деп ұрандатып, намысыңды одан әрі жани түседі.

Жастар форумын қала әкімінің орынбасары Елена Скаредина ашты. Елена Вадимовна ана тіліміздің қоғамдағы орны мен маңыздылығын ерекше атап өтіп, қаламызда мемлекеттік тілдің қанат жаюына өз үлестерін қосып жүрген бір топ азаматты алғыс хатпен марапаттады. Олардың арасында қоғам қайраткері Жақсылық Какенов, ақын Ғалымгерей Кенжеғозин және мемлекеттік тілді жетік меңгерген Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің студенті Виктория Дорошко сынды тіл жанашырлары бар. Бұдан кейін облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендикенова мен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айнұр Оразбаева сөз алып, Қостанай облысы мен Рудный қаласында тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында баяндама жасады.

«Қостанай өңірінде тіл саясатын іске асыру барысында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Тіл саясаты шеңберіндегі іс-шараларды қаржыландыру барысы да жыл сайын ұлғайып келеді. Оның басым бөлігі кеншілер қаласына бөлініп отыр. Жалпы, облыс аймағында жиырма тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Онда тоғыз мың адам қазақ, ағылшын және өзге тілдерді меңгеруде. Қостанайлықтар республикалық байқауларға да қатысып, облыс абыройын асқақтатып жүр. Оның ішінде өздеріңіздің жерлестеріңіз, республикалық байқауда үздік оқытушы атанған Жанат Досубаева да бар, – деді Гүлжан Ермашқызы.

Сахна төріне Рудный индустриалық институтының студенті Тимур Дүйсенбаев пен форум делегациялары көтеріліп,  еліміздегі жастар саясатын қолдайтындықтарын білдіріп, еліміздің жарқын болашағы үшін бар күш-жігерлерін жұмсайтындықтарын жеткізді. Соңында жастар қосылып, бірлік пен татулықты ту еткен әсем әнді көкте әуелетті.

Қанат МОЛДАҒАЛИЕВ

газета «Рудненский рабочий»

Редактор

Recent Posts

Педагог из Рудного вошла в тройку лидеров республиканского конкурса «Читающая нация»

Учительница русского языка и литературы из Рудного Татьяна Кузнецова занимает третью строчку в категории «Читающий…

1 день ago

Почти 800 млн тенге вложили в переработку отходов в Рудном

В 2025 году в Рудном реализовали два инвестиционных проекта по сортировке и переработке отходов. (далее…)

4 недели ago

Горнодобывающая отрасль Костанайской области снизила объемы производства на 10,6%

За восемь месяцев 2026 года предприятия отрасли произвели продукции на 483,7 млрд тенге. Годом ранее…

1 месяц ago

Рудненские пистолетчики оказались в числе лучших в Казахстане

Серебро Чемпионата Республики Казахстан и норматив кандидата в мастера спорта — результат, который стал очередным…

2 месяца ago

Рудненская городская поликлиника закупает мобильный комплекс для школьной медицины

Аппаратура стоимостью 4 800 000 тенге предназначена для работы в школьных медкабинетах и на выездных…

2 месяца ago

This website uses cookies.