«Rud Live» – кім лайық?
Талай жастардың болашағын айқындап берген жайдарман ойындары Тобыл өңірінде де тамырын тереңге тартты
Мысалы, осыдан он жыл бұрын облыстың жалғыс лигасында өнер көрсететін саусақпен санарлық команда болса, бүгінде бірнеше лигада ойнайтын командалардың саны жүзден асып жығылады.
Сейсенбіде Рудный индустриялық институтының мәжіліс залында «Rud Live» жайдарман сайыстарының 1/8 ойыны өтті. Ұйымдастырушы Жастар ресурстық орталығы, «Jas Samruk» және «Рудный КВН» қоғамдық жастар бірлестіктері.
Дода басталмас бұрын әділқазы алқасының мүшесі, «Х-Фактор Қазақстан» тележобасының финалисі Мейірімхан Назарханов сиясы кеппеген «Я не упаду» әнінің тұсауын кесіп, көрермендерді бір қыздырып алды.
Кейін көңілді тапқырлар алаңында Рудный, Қостанай, Қостанай ауданы Семенов ауылы, Торғай өңірі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының намысын қорғаған 14 команда бақ сынады. Әр команда қоғамдағы қордаланған мәселелерді жарасымды әзіл, қағытпа қалжың арқылы жеткізуге тырысты. Бұл жерде сахна мәдениеті, сапалы миниатюралармен қатар әр іс-әрекетті «тасқа таңба басқандай» етіп орындауға әкелетін тыңғылықты дайындық та маңызды. Тек осылай патша көңіл көрерменнің көңілінен шығуға болады.
Сонымен «Rud Live» лигасының ширек финалына жалпы 12 команда жолдама алды. Енді жайдарлы жастар бүгін, яғни 13 мамыр күні жартылай финал үшін тартысты сайысқа түспек. Іске сәт!
Айдын АСҚАР
газета «Рудненский рабочий»
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31