Categories: Новости

Отан үшін отқа түскендер

Әлемдегі ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары деңгейде болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін. Тәуліктің кез келген уақытында, аптап ыстық пен қақаған аязда ол отқа да, суға да түседі. Олардың санасына «құтқару» деген ұғымның сіңіп қалғаны соншалық – әрдайым тілсіз жаумен бетпе-бет келуге дайын.

Жоғарыда аталған қасиеттердің барлығын рудныйлық өрт сөндірушілердің бойынан көруге болады. «Әкеге қарап ұл өсер» деген сөз бекерден-бекер айтылмаса керек.

Бейбіт күннің батыры Абылай Мүбәрак 11-сыныпты бітіріп, кезінде өрт сөндіруші болып еңбек еткен әкесінің жолын қуып, осы саланы таңдады. Көкшетау қаласындағы көпсалалы азаматтық қорғаныс колледжді аяқтап, әскердегі борышын өтейді. Кейіпкеріміз 2017 жылы кеншілер қаласындағы Төтенше жағдайлар басқармасының өрт сөндіру бөліміне жұмысқа орналасады. Бүгінде жас маман тәжірибе жинақтап, бар білген-түйгенін өзінен кейінгі жастармен бөлісіп келеді.

– Атақты батырымыз Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деген тамаша сөзін білмейтін адам кемде-кем шығар. Дегенмен көпшілік бұл сөздің түп-төркініне үңіліп, туған жерің, туған ортаң үшін қандай ерлік жасасаң да аздық етпейтінін түсінсе деймін. Мен өз мамандығымды мақтан етемін, – дейді Абылай.

Өрт сөндіруші Өмірсерік Алмағамбетов та осы бөлімшесінде 3 жылдай қызмет атқарып келеді. Оның бала кезіндегі арманы өрт сөндіруші болу және адамдарды қауіп-қатерден арашалау болатын.

– Рудныйға өзімнің қалауым бойынша жұмысқа орналастым. Өрт сөндіруші кәсібі басқа жұмыстарға қарағанда өте жылдам әрекет етуді талап етеді. Себебі, дабыл түскеннен кейін арнайы киімдерді киіп, өрт сөндіру бөлімінен оқиға орнына шығу үшін 1 минут ғана уақыты бар, – дейді кіші сержант.

Өрт туралы ақпарат алдымен 101 нөміріндегі диспетчерлерге түседі. Оқиға орнына шықпас бұрын караул бастығы, аға инженер тез арада әлгі нысанның өрт сөндіру жедел жоспарын алып, жедел-тактикалық мінездемесін зерттеп, негізге ала отырып шешім қабылдайды. Ал, Бахтияр Нұрмағамбетов сияқты тәжірибелі мамандар жас қызметкерлерді өздерінің кәсібін құрметтеуге, өрт сөндіру техникасына, құралдарына және бөлім теңгеріміндегі мүліктерге ұқыпты қарауға үйретеді.

– Біздің қаламызда жалғыз ғана өрт сөндіру бөлімшесі бар. 6 автоцестерна және 2 арнайы автокөлік бар. Рудный қаласының әкімшілік аумағы үлкен. Нормативке сәйкес, мұнда кем дегенде 3 өрт сөндіру бөлімшесі болуы тиіс. Бұл өртке қауіпті кезеңде қиындық туғызады, – дейді Рудный қаласының өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Бахтияр Нұрмағамбетов.

Өрт сөндіруші бұл – қаншалықты шаршаса да, көңіл-күйі болмаса да әрқашан батыл әрекетке дайын тұратын адам. Ол өрттің өшірілуі қанша уақыт алатынын еш уақытта болжап біле алмайды және келесі өртенген ғимаратта оны не күтіп тұрғанынан да бейхабар.

Соған қарамастан, рудныйлық өрт сөндірушілер шаршауды, әрі «қолымнан келмейді» деген сөзді білмейді. Бүгінде штаттағы 73 қызметкердің төрттен үш бөлігі жас мамандар. Олар үшін жүктелген жауапкершілікті арқалап, құтқару, көмектесу деген мақсат күн сайын бірінші орында тұрады. Өрт сөндіру сынды жауапты да қатерлі жұмыстарында жүрген ұжым мүшелерінің еңбегі қай жақтан болса да құрметке лайық.

Жанар ҚАСЫМОВА

газета «Рудненский рабочий»

Редактор

Recent Posts

В Рудном задержан мужчина, который перерезал горло собаке

Сейчас он находится под подпиской о невыезде (далее…)

5 дней ago

Студент из Рудного стал серебряным призером конкурса профессионального мастерства в КНР

1 ноября  студент Рудненского политехнического колледжа Корякин Артем занял второе место в конкурсе профессионального мастерства…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

This website uses cookies.