Оқуға түскің келе ме?
ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығы бойынша мемлекеттік білім грантына құжат қабылдау уақыты 30 шілдеге дейін созылды.
Құжат екі тәсіл бойынша қабылданып жатыр. Бірі – egov электронды үкімет порталы арқылы, екіншісі виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы қабылдануда.
– Талапкерлер үйлерінде отырып-ақ, egov электронды үкімет порталының көмегімен құжат тапсыра алады. Бұл – бірінші әдіс. Egov арқылы түскен өтініштерді әрбір техникалық хатшы өңдеуден өткізіп, мұқият тексеріп, қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарламаны талапкерлердің электронды пошталарына жібереді.
Екінші әдіс – институттың ресми сайты арқылы арқылы онлайн режимде құжаттарын тапсырып, құжаттарының түпнұсқасын 25 тамызға дейін әкеледі. Әрбір талапкер өз облысында, өз ауданында отырып, біздің қабылдау комиссиясымен тікелей сөйлесіп, сұрақтарын қойып, кеңес ала алады. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты талапкерлерден медициналық анықтамасы болмаса да қабылдау жүргіземіз, – дейді Рудный индустриялық институтының қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Айгүл Жұмағалиева.
Сонымен қатар оқу орнында талапкерлерге онлайн кеңес беру жүргізілуде. Техникалық хатшылар WhatsApp, Telegram, Instagram секілді әлеуметтік желілер арқылы талапкерлер мен олардың ата-аналарының сұрақтарына жауап береді.
Айдын АСҚАР
газета «Рудненский рабочий»
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31