Categories: Новости

Мықтыға тұсау жоқ

Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұжымы қалың жұртшылыққа ислам дінін насихаттап, имандылыққа баулып қана қоймай, салауатты өмір салтын қалыптастыруға да лайықты үлестерін қосып келеді.

Жексенбі күні өткен кезекті спорттық шара, соның бір айғағы. №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаты арасында қазақ күресінен дәстүрлі жарыс өтті. Биылғы жарыс Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай ұйымдастырылып отыр. Мақсаты – дін жолында жүрген жастар арасында қазақ күресін дамытып, салауатты өмір салтын насихаттау.

– Қазақтың спорттық ойындарының қай-қайсысы болмасын, белгілі бір ізгі мақсатты көздейді. Мысалы, қазақ күресі төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, дер кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Ислам діні де өз қоғамын қуатты да айбынды болуы үшін, спортқа ерекше көңіл аударып, онымен айналысуға шақырады. Себебі, дене шынықтыру адам баласының тәнін ғана дамытып қоймай, рухани жақтан да тәрбиелейді. Өз нәпсісін жеңуге, өз денесін өзіне бағындыруға жәрдемдеседі. Осындай пайдасы зор шараның өтуіне бірден-бір мұрындық болып, демеушілік жасап отырған жеке кәсіпкер Қанат Қожахметов бауырымызға алғысымды білдіремін, – деді жарыстың ашылу салтанатында қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Азамат Серікбайұлы.

Күрес десе делебесі қозбайтын қазақ жоқ. Бұл жолы жиырмадан астам балуан бас қосып, екі салмақ дәрежесінде күш сынасты. Балуандардың ең жасы он алтыда болса, ең үлкені қырықтың үстінде. Соған қарамастан, сайыс өте тартысты өтті. Нәтижесінде бар қарсыластарын жер қаптырған Заманбек Абдуғалиев 70 келіге дейінгі салмақта топ жарса, Амангелді Джанхаев екінші орынды иеленді. Жүлделі үшінші орын Арқат Қуанышевтің қанжығасында кетті.

70 келіден жоғары салмақта Қанат Қожахметов пен Медеу Азнабаевқа тең келер қарсылас табылмады.  Қарсыластарын ұршықша үйірген қос балуан ақыр соңында финалда жолығып, өзара мықтыны анықтады. Бұл жолы Қанаттың жолы болып, бір бүк ұпай басымдылығымен жеңіске жетті. Сөйтіп, өз салмағының жеңімпазы атанды. Ал, үшінші орынды Қашар кентінің балуаны Мұқасан Маметов еншіледі. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломмен марапатталып, қаржылай сыйлыққа ие болды.

Қанат МОЛДАҒАЛИЕВ

Редактор

Recent Posts

Почти 800 млн тенге вложили в переработку отходов в Рудном

В 2025 году в Рудном реализовали два инвестиционных проекта по сортировке и переработке отходов. (далее…)

6 дней ago

Горнодобывающая отрасль Костанайской области снизила объемы производства на 10,6%

За восемь месяцев 2026 года предприятия отрасли произвели продукции на 483,7 млрд тенге. Годом ранее…

2 недели ago

Рудненские пистолетчики оказались в числе лучших в Казахстане

Серебро Чемпионата Республики Казахстан и норматив кандидата в мастера спорта — результат, который стал очередным…

1 месяц ago

Рудненская городская поликлиника закупает мобильный комплекс для школьной медицины

Аппаратура стоимостью 4 800 000 тенге предназначена для работы в школьных медкабинетах и на выездных…

1 месяц ago

Рудненский горно-технологический колледж потратит 6,5 млн тенге на компьютеры для 3D-моделирования

КГКП «Рудненский горно-технологический колледж» Управления образования акимата Костанайской области объявил конкурс на закупку современной компьютерной…

2 месяца ago

This website uses cookies.