Бар қазақтың жүрегінде жатталған
«Қыздарға әсемдік жарасады» деп басталатын әннің авторы, белгілі әнші-сазгер Қайрат Нұрғазинның есімі еленді. Өзі өмірден өтсе де, артында өлмейтұғын өнер мұрасын қалдырған композитордың құрметіне Рудный қалалық тарихи-өлкетану мұражайында «Жырлайды жүрек» көрмесі ашылды.
Қайрат Нұрғазин 1965 жылғы 16 сәуірде Қостанай облысы, Наурызым ауданына қарасты Сулы ауылында туған. Тыңдарман көңілін құлаққа жағымды, жылы естілетін нәзік, биязы дауысымен жаулап алған дарын иесі, әсіресе, «Арман жырым – аруларым» әнімен жақсы танымал. Қ.Мырза Әлі, Т.Молдағалиев, И.Сапарбай сынды ақындардың сөздеріне жазылған әндері де халықтың жүрегінде. Композитор 2017 жылдың ызғарлы желтоқсанында дүние салды.
Көрмені ұйымдастыруға композитордың жақын досы, қаламыздың құрметті азаматы Арман Хасен мұрындық болған.
– Бұл біздің Қайраттың өнеріне деген, әндеріне деген құрметіміз және қала халқы Тобыл өңірінің біртуар азаматын білсін деген ниетіміз. Сонымен қатар шараның негізгі мақсаты – Қайраттың қалдырып кеткен сексеннен астам әнін кейінгі ұрпаққа жеткізу, насихаттау, – дейді Арман Сәбитбекұлы.
Көрмеде тұла бойы өнерге толы Қайрат Нұрғазинның баяны мен домбырасы, киген киімдері мен алған мадақтамалары, жазған әндерінің ноталары мен қолжазбалары, естелік суреттері және тағы да басқа құнды құжаттары қойылған.
Тоқсаныншы жылдары Қайрат Нұрғазин «Жадыра» және «Аққу» шығармашылық ұжымына, Рудный индустриялық институтының халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етті. Соңында қаншама ізбасары, шәкірті бар. Кеш барысында «Жадыра» тобы, Қ.Ахметжанов, Б.Зиналиева, Ж.Тілеуқабылов, К.Өмірбекқызы,
О.Пигасова, А.Құрманов, А.Сәбитбекұлы қатарлы ел ағалары, ақындар, әншілер, достары және жақын
бауырлары, туыстары лебізін білдірді. Арман Хасенов алдағы сәуір айында сазгердің туған күніне арналып бұдан да ауқымдырақ басқосу шарасын өткізу ойында барын айтты.
Туысқандарының айтуынша, Қайраттың музыкаға деген құштарлығы 5 жасында байқалды. Домбырада ойнауды атасынан үйренген екен. Сол кезден-ақ өнерге жақын болған дарын иесі шеберлігін мектеп оркестрінде шыңдап қана қоймай, театрландырылған қойылымдарға, түрлі байқауларға қатысып, биік белестерге жетті.
Өнер жолын таңдаған Қайрат Нұрғазин Науырзым орта мектебін бітірген соң, арман қуып, Рудныйға келеді. Содан Ы.Алтынсарин атындағы қалалық педагогикалық училищесінің музыкалық бөліміне оқуға түседі. Ал, сексенінші жылдары әндер шығара бастайды. Репертуарында жүзге жуық композиция бар.
Композитор «Арман жырым – арулар» атты әнімен республикалық «Үкілі үміт» байқауына қатысып, дипломант, әрі көрермен көзайымы жүлдесінің иегері атанды. Екі жылдан кейін дәл осы конкурста бағын сынап, бас жүлдені жеңіп алды.
Шара барысында сазгердің көпшілікке белгілі әндері орындалды. Соңында дастархан жайылып, марқұмның рухына құран оқылып, дұға бағышталды.
Жанар НҰРАХМЕТ
газета «Рудненский рабочий»
Сейчас он находится под подпиской о невыезде (далее…)
1 ноября студент Рудненского политехнического колледжа Корякин Артем занял второе место в конкурсе профессионального мастерства…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
This website uses cookies.