Екпе дерттен сақтайды

Күз – тұмау сынды жұқпалы аурулардың өршитін мезгілі. Өйткені құбылмалы ауа райы иммундық жүйесі төмен азаматтарға бірден әсерін тигізеді. Осыған орай «ССКӨБ» АҚ өз қызметкерлеріне екпе жасата бастады

Коронавирустың қайталап соғу қаупі барлығымыздың қапысыз қалмауымызды ескерткендей. Тұмау мен бұл індет бірігіп кетсе, ауру одан сайын ушығып кетуі мүмкін. Ал екпе – қазіргі кездегі жұқпалы аурудан қорғанудың ең тиімді тәсілі.

Биыл «Евразия» медициналық орталығына 6 мың данадан аса «Инфлювак» вакцинасы әкелінді. Екпе жасатпас бұрын кен алыбының жұмыскерлері ПЦР-зерттеуден өтеді. Ол үшін кәсіпорынның әр бөлімшесінде орналасқан дәрігерлік пункттерде сынама тапсырады. Биоматериалдар зертханаға жіберіліп, бір тәулікте нәтижесі шыққан соң егу шаралары жүргізіледі. Барлық процедуралар тегін.

– Жасыратыны жоқ, көп ретте қызметкерлер екпе жасатуға бейжайлық танытып жатады. Яғни, олар бұл шараның көмегі аз деп ойлайды. Екпе салдырғандар да жиі тұмауратып жататынын дәлел етеді. Айтайын дегенім, екпе ауруды мүлдем болдырмайды емес, ол тек аурудың жеңіл өтуін қамтамасыз етіп, асқынудан сақтайды. Тұмауға қарсы екпенің күші 6 айдан 12 айға дейін әсер етеді, – дейді медорталық директорының орынбасары Юлия Аксютина.

Ауру айтып келмейді. Сондықтан күз-қыс маусымындағы эпидемиологиялық жағдайға «сақадай сай» тұру үшін екпе науқанын жіберіп алмайық.

Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

газета «Рудненский рабочий»

Редактор

Recent Posts

Почти 800 млн тенге вложили в переработку отходов в Рудном

В 2025 году в Рудном реализовали два инвестиционных проекта по сортировке и переработке отходов. (далее…)

3 недели ago

Горнодобывающая отрасль Костанайской области снизила объемы производства на 10,6%

За восемь месяцев 2026 года предприятия отрасли произвели продукции на 483,7 млрд тенге. Годом ранее…

1 месяц ago

Рудненские пистолетчики оказались в числе лучших в Казахстане

Серебро Чемпионата Республики Казахстан и норматив кандидата в мастера спорта — результат, который стал очередным…

2 месяца ago

Рудненская городская поликлиника закупает мобильный комплекс для школьной медицины

Аппаратура стоимостью 4 800 000 тенге предназначена для работы в школьных медкабинетах и на выездных…

2 месяца ago

Рудненский горно-технологический колледж потратит 6,5 млн тенге на компьютеры для 3D-моделирования

КГКП «Рудненский горно-технологический колледж» Управления образования акимата Костанайской области объявил конкурс на закупку современной компьютерной…

2 месяца ago

This website uses cookies.