Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын әзірледі.
Тұжырымдама жария талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталында» және Агенттіктің сайтында орналастырылды.
Ұсынылған түзетулерді үш блокқа бөлуге болады.
Біріншісі сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.
Судьялар, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін қатаң жауапкершілік пен санкциялар енгізу ұсынылады.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық жағдайын модельдеу арқылы парасаттылықты тексеру институты (Integrity Check) құқық қорғаушылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда тиімді тежеуші тетік болады.
Егер тексерілуші ұсынылған пайда мен артықшылық алуға келіссе, ол үш жыл ішінде мемлекеттік қызметке оралу құқығынсыз теріс себептер бойынша жұмыстан босатылады.
Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтетін тағы бір шара аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін еселі айыппұл қолдануды болдырмау болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті өзге де адамдар, олардың жұбайлары, кәмелетке толмаған балалары үшін де сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа шектеу енгізу – шетелдік банктерде шоттар (салымдар) ашуға және иелік етуге тыйым салу ұсынылады.
Бастамалардың екінші блогы ұлттық заңнаманы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттармен үйлестіруге бағытталған.
ЭЫДҰ мен Грекияның озық тәжірибесі мен стандарттарына сүйене отырып, «параны уәде етуді/ұсынуды» және «параның уәдесін/ұсынысын қабылдауды» криминалдандыру ұсынылады.
Бұл мемлекетке залал келтіргенге дейін парақорлықтың жолын кесуге мүмкіндік береді және айқын алдын алу әсері болады.
Сонымен қатар, Агенттік «сыбайлас жемқорлық» ұғымын жеке секторға таратуды ұсынады.
Бастамалардың үшінші блогықоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған, ол бүгінгі күні айтарлықтай бедерге ие болып, оны бірқатар үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық алаңдар іске асырады.
Мысалы, Агенттік жанындағы арнайы мониторингтік және ақпараттық-ағарту топтары, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері жүйелі негізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қадағалайды, мемлекеттік органдар қызметіндегі проблемаларды анықтайды және тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша сындарлы ұсыныстар енгізеді. Мұндай ұсынымдар міндетті сипатта болмаса да, бірақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда белсенді қолданылады.
ЭЫДҰ мен ГРЕКО ұсынымдарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдарды қорғаудың кешенді жүйесі (whistleblowing) азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылдың басқа пәрменді құралы болып табылады.
Егер мемлекет адамдарды кешенді қорғауды өзіне алса, анықталған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабардар ету деңгейі едәуір жоғары болады деп болжануда.
Ұсынылған түзетулерді қабылдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Агенттік азаматтардың тұжырымдаманы жария талқылауға белсенді түрде қатысуын сұрайды.
Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігі
Сейчас он находится под подпиской о невыезде (далее…)
1 ноября студент Рудненского политехнического колледжа Корякин Артем занял второе место в конкурсе профессионального мастерства…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
This website uses cookies.