«Біз Біргеміз»
Осы демалыс күндері, Қостанай облысының «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының «Біз Біргеміз» еріктілер қозғалысының белсенділері «30 игі іс» партиялық акциясы аясында іс-шаралар өткізді
Іс-шаралармен облыстың қалалары мен аудандары қамтылды.
Шаралардың легін Рудный қалалық мәслихат депутаты Мұрат Ысқақовтың рудныйлық еріктілер бастады, балалар аға ұрпаққа қамқорлық пен құрмет көрсету, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру, жастарға патриоттық тәрбие беруді дамыту мақсатында, Рудный қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі интернат-үйінің алма бағының аумағында сенбілік өткізді.
Балалар орталық аумағын қоқыстан тазартты. Жасотандықтар шетте қалмай аға буынға әрдайым көмек көрсетуге дайын.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
0 просмотров