Балаларға базарлық көбейсін!

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейміз. Қашан да болашағын алыстан бағамдаған халықпыз ғой. Соның бір көрінісі – Рудный қаласында бой көтеріп келе жатқан спорттық ойын алаңдары

Уақыт озған сайын көзқарас та, талап та өзгереді. Қазір баланы сонау кеңес үкіметінен қалған ескі-құсқы ойын алаңдарымен қызықтыра алмайсыз. Ал түрлі-түсті әткеншек, серіппелі тербелткіш, сырғанақ, турник пен құм алаңдарымен жабдықталып, қауіпсіз, әрі көз тартарлық болса, міне, базарлықтың көкесі.

Рудныйда соңғы екі жылдың өзінде 30-ға тарта балаларға арналған заманауи спорттық және ойын алаңдары салыныпты. Бұл шағын шаһар үшін аз көрсеткіш емес. Түгелдей дерлігін жергілікті әкімдік өз мойнына алса, жеке кәсіпкерлер мен «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған» тұрғындар да игілікті іске үлес қосқан.

Биыл коронавирус пандемиясына қарамастан әкімдіктің осы бағыттағы жоспарлы міндеттері толық жүзеге асырылуда. Мәселен, бүгінде Парк көшесі, 110 «А», Комсомоль көшесі, 36, Корчагин көшесіндегі 34 және 120 тұрғын үйлердің аумағына сәні мен салтанаты жарасқан 4 ойын алаңы пайдалануға берілді. Жаздың соңына дейін Корчагин, 50 лет Октября, Фрунзе, Парк көшелері мен Железорудная стансасында тағы 5 алаңның құрылысы аяқталмақ.

– «КИП Энерго» жеке кәсіпкері мен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі арасындағы келісім бойынша жұмыс істеп, сапа мен уақыт талаптарын барынша орындауға тырысудамыз. Ойын алаңдарының жабдықтары – қарағандылық «Карат» компаниясынікі. Қажетті құжаттама мен сертификаттар бар. Ал асфальт пен тартан жабындысын жергілікті кәсіпорындар шығарады, – дейді мердігердің өкілі Руслан Рабатов.

«КИП Энерго» осыған дейін де Қостанай, Лисаков қалаларында алаңдар орнатып, кепілдемелік қызмет көрсету жауапкершілігін адал атқарып келеді.

– Соңғы жылдары әдемі ойын алаңдары қаламыздың барлық шағынаудандарында пайда болуда. Әрине, бұл балалар үшін де, біз үшін де үлкен қуаныш. Өйткені бұрын кішкентайымыз жарақат алып қалмаса екен, ойнайтын жер іздеп ауладан ұзап кетпесе екен деп уайымдайтынбыз. Көз алдымызда шауып жүрген балақайлардың күлкісінен артық бақыт жоқ екен. Әкімдікке үлкен рахмет, – дейді қала тұрғыны Қасым Сабыров.

Айта кетейік, жуырда «Пятерочка+» дүкені де 20-шағын ауданға теңдесі жоқ балалар алаңын салып берді. Дүкен иелері – ерлі-зайыпты Олжас пен Дана Құдайқұловтар бұл іске ерекше ықыласпен кіріскені байқалып тұр. Жобаны қос қолдап қолдаған әкімдік кәсіпкерге 220 шаршы метр жер телімін бөліп берген.

– Бұл – біздің тұрғындарға, тұрақты клинеттерімізге деген шексіз алғысымыздың белгісі. Карантин кезінде көптеген кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындар табысынан айырылды. Ал жартылай фабрикаттар шығыратын біздің цех пен дүкеніміз жабылған жоқ. Сол себепті, осындай мүмкіндік туғандықтан наурыз айынан бастап тапқан қаражатымыздың негізгі бөлігін осы ойын алаңын салуға жұмсадық, – дейді «Пятерочка+» дүкендер желісінің бас директоры Олжас Құдайқұлов.

Сапалы, әрі қауіпсіз ойын алаңының жабдықтары антивандалдық бояумен қапталған. Яғни оған сағыз бен наклейка жабыспайды, маркер немесе басқа бояулармен сызып, қыра алмайсыз. Кәсіпкер келесі жылы осы маңда шағын футбол алаңын салуды да жоспарлап отыр.

Ия, «көп түкірсе, көл болады» деген осы болар. Салынып жатқан алаңқайлардың барлығы ПИК балансына берілмек. Алайда балалардың базарлығына аса ұқыптылықпен қарап, сол қалпында сақтауға тырысу – тұрғындардың өз қолында. Сонымен, барлығы 13 ойын алаңы балаларға сый болмақ.

Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

Редактор

Recent Posts

В Рудном не допустили в оборот более четырех килограммов гашиша

Часть наркотиков он хранил в огнетушителе в квартире одной из родственниц, остальную партию - у…

2 недели ago

Редакция «НК» объявляет о начале конкурса «Крути педали»

В прошлом году своими историями поделились 16 велолюбителей, сообщает "Наш Костанай" (далее…)

2 недели ago

Александр Бублик покинул турнир в Монте-Карло по итогам первого круга

Александр Бублик благодаря успешной игре в новом году впервые в своей карьере ворвался в топ-20…

3 недели ago

Григорий Бабаян: «Благодаря моему отказу Адиев тренер сборной»

Наставник «Астаны» Григорий Бабаян накануне рассказал о предложении возглавить сборную Казахстана до прихода на пост…

3 недели ago

Молдавский игрок клуба КПЛ сравнил чемпионаты Казахстана и Молдовы: «На шаг впереди»

Представители казахстанской Премьер-лиги в большинстве случаев не обладают внушительными финансовыми возможностями, поэтому предпочитают искать усиление…

3 недели ago

Булат Есмагамбетов: «Людям сейчас не до футбола»

Прошедшие матчи четвертого тура казахстанской Премьер-лиги прокомментировал ветеран местного чемпионата и бывший футболист национальной сборной…

3 недели ago

This website uses cookies.