Categories: Новости

Қашықтан оқы, миға тоқы

Бүкіл әлемде таралған пандемияға қарамастан балалардың оқуы жалғасатын болады. Цифрландыру ғасырында бұл аса қиындық тудырмайды. Қазақстандық оқушылар ғаламтордың артықшылықтарын пайдалана отырып, сабақты онлайн және оффлайн форматта қашықтықтан өтпек. Осы жаңашылдыққа орай Рудный қалалық білім беру бөлімінің басшысы Анаргүл Шаменова түсініктеме берген болатын.

– Анаргүл Көпжасарқызы, оқушыларды жаппай қашықтықтан оқыту Қазақстанда бұрын-соңды болмаған жағдай. Осыған орай қандай мәселелер туындауда?

– Ең басты мәселе – техникалық дайындық болатын. Қатысушылар арасындағы мониторинг көрсеткендей, 347 отбасыға ғаламторды қосу қажеттілігі бар екен. Аталған мәселені қолға алдық. Сонымен қатар бүгінде 153 қатысушыға уақытша пайдалануға компьютерлер ұсынылды.

– Орта білім саласындағы қашықтықтан оқытудың қандай бағыттары бар?

– ҚР Білім және ғылым министрі 4 бағытты атап көрсетті. Бірінші бағыт – теледидар арқылы тиісті сабақтарды беру. Қашықтан оқытудың екінші бағыты – «Qazaq radiosy» радиосы арқылы оқыту. Телевизия сигналы жетпейтін ауылдарда қазақ радиосының үні жетеді. Үшінші бағыт – пошта арқылы оқыту. Ал төртінші бағыт – интернет-платформа арқылы жұмыс істеу. 6 сәуірге дейін қашықтан оқыту платформалары толық дайын болуы тиіс.

– Бірінші бағыт туралы тарқатып айтсаңыз…

– Республикалық телевизиялық телеарналарда негізгі пәндер бойынша 10 минуттық видеосабақтар көрсетіледі. «Балапан» телеарнасында қазақ тілінде оқитын қатысушылар үшін, «Ел арна» телеарнасында орысша оқитын қатысушылар үшін. Жақын арада видеосабақтар кестесі жайлы әр қатысушы мен ата-аналар хабардар болады.

Мұндай тәжірибе педагогтар үшін де жаңашылдық болып табылады. Арнайы құрылған шығармашыл топ бәріне де ыңғайлы болу үшін, түрлі ақпараттық платформалардың қолданылуын қарастырды.

– Осы орайда, төртінші бағытқа тоқсалсаңыз…

– Біз бюджеттік нұсқаны қарастырдық. Бұл – «күнделік» платформасын қолдану. Себебі, аталмыш жүйеде қатысушылар мен ата-аналар 3 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Аталған ақпараттық платформаға кіріп, шығуда белгілі бір тәжірибелері бар. Сондықтан, әр педагог әр сабаққа бірнеше кезеңнен тұратын маршруттық парақ әзірлейтін болады.

Біріншіден, қатысушы жаңа тақырыппен түрлі ресурстар арқылы танысады, содан кейін ол бекітілген тақырыптар бойынша берілген тапсырмаларды орындап, дайын нұсқасын мұғалімнің тексеруі үшін ватсап немесе телеграмм арқылы жіберуі керек. Сонымен бірге, ата-аналарға ыңғайлы болу үшін қалалық білім беру бөлімінің сайтында қашықтықтан оқу деген қосымша бар, сол жерде нақты нұсқаулықпен танысуға болады. Қысқасы, бала небір себептермен видеосабақты қарамаса, ол міндетті түрде «Күнделік» платформасында сақталады.

Қатысушыларға артылатын жүктеме тиісті нормадан аспайды. Педагогтар бұрынғыдай әр сабаққа баға қояды, барлық сабақтар, тіпті дене шынықтыру да кесте бойынша жүргізіледі.

Ата-аналарға сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен үнемі байла-
ныста болуы тиіс. Небір қиындықтар туындаса, мектептің көмегіне жүгіну керек. Сонымен қатар, Сіз білім беру бөліміне 4-67-78 нөмірі бойынша сенім телефонына хабарласа аласыз.

– Тұрғындарға айтар үндеуіңіз бар ма?

– Мен тағы да Сіздердің назарларыңызды аудара отырып, инфекцияның таралуының алдын алу шараларын сақтауларыңызды, балалардың адамдардың көп жиналатын орындарына баруын шектеуді, олардың уақытын отбасында, тиімді, әрі пайдалы өткізуін қамтамасыз етуді, көркем әдебиетті оқуын, позитивті, танымдық фильмдерді қарауын, виртуалды және музей көрмелерін тамашалауын сұраймын.

Бұл қалыптасқан жағдайда ата-аналарға үйде ұйымдастыруға болатын нәрселердің азғантайы ғана.

Жанар ҚАСЫМОВА

газета «Рудненский рабочий»

Редактор

Recent Posts

В Рудном началась масштабная модернизация мобильной сети

Город избавляется от «белых пятен» и готовится к запуску 5G, передает rydnyimedia.kz (далее…)

3 недели ago

Какбудет выглядеть 11 микрорайон в Рудном после преображения?

С застройкой 11-го микрорайона ознакомились депутаты областного маслихата (далее…)

3 недели ago

Уже 4 квартиры реализовано в Рудном в рамках Концепции развития жилищно-коммунальной инфраструктуры

В рамках данного Соглашения АО «КЖК» приобрело 25 арендных квартир. (далее…)

1 месяц ago

В Рудном отметили 30 лет «Рудный дауысы»

В Рудном состоялась торжественная встреча, посвященная 30-летию телерадиокомпании «Рудный дауысы», сообщает  Rýdnyі medіa (далее…)

2 месяца ago

В Качарской школе №1 отремонтируют спортзал

Одна из старейших школ Рудного готовится к юбилею с обновленной спортивной базой. (далее…)

2 месяца ago

45 нарушений на внутриквартальных сетях выявили в Рудном во время отопительного сезона

Масштабные работы по реконструкции тепловых сетей были начаты в 2023 году. За 3 года отремонтировано…

2 месяца ago

This website uses cookies.