Арманға қанат қақтырып!

Балауса балғын шаққа «қош» дегізіп, соңғы рет соғылған қоңырау сыңғыры Рудный қаласындағы Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының түлектеріне де ерекше әсер қалдырды. Күні кеше ғана кішкентай балақандар, енді мектеп партасымен мәңгілік қоштасып, үлкен өмірге қанат қағар алдында тұр.

Әр қайсысының жанарында – жас, көңілдеріндегі – қимастық сезімі білініп-ақ тұр. Бұл күні талапкерлер өздерінің 11 жыл тәлім терген тарыдай шәкірттен, таудай азамат пен азаматша болғандарын сезінгендей.

Биыл мектеп бітіруші 24 оқушының төртеуі – Гүлжамал Әбдірахманова, Азалия Мұхамедина, Карина Сексенбаева, Елдос Таженов «Алтын белгі» иегері атанса, екі оқушы – Ержан Мұратбаев пен Ақжол Таңжарыков – үздік аттестат алды.

– Бүгінгі соңғы қоңырау тек мектеп бітірушілер үшін соғылып, ҚР Білім министрлігі ұсынған тұжырымдама бойынша өтті. Осыған қарамастан жастар ұнжұрғасын түсірген жоқ. Алғашқы гимназист-түлектердің барлығы да облыстық, республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар, шығармашылық сайыстарының жеңімпазы екенін айта кеткен жөн. Олардың 11-і математика-физика пәндерін таңдаса, 5-і биология-химия пәнін таңдап отыр, – дейді Би-аға атын иеленген мектептің директоры Қымбат Бірманова.

Жаңа форматта өткен мектеппен қоштасу шарасы Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Ұлы Абайдың 175 жылдығына орайластырылды. Қоштасу вальсі болмады. Есесіне ұстаздар мен оқушылар бір-біріне ақжарма тілегін жаудырып жатты.

– Мектеп бітіруші түлектер үшін бүгінгі соңғы қоңыраудың үні ерекше. Бұл мереке олардың мәңгі естерінде қалатын, қайталанбайтын, сағынышпен еске алып жүретін, балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірдің алғашқы баспалдағына аяқ басар сәттері. Қазір олардың алдарыңда үлкен сын – ҰБТ күтіп тұр. Сол сыннан сүрінбей өтіп, әр қайсысы өздерінің қалаған мамандықтарының иесі болуларына шын жүректен тілектеспін. Мен түлектерді әрдайым биіктерден көргім келеді, – дейді мектеп бітіруші сыныптың жетекшісі Ғалия Байкенова.

– Мектеппен қоштасу осыншама қиын болады деп ойламаппын. Сапалы білім мен тәрбие беріп, азамат болып қалыптасуыма еңбегін сіңірген ұстаздарымды, балалық шағымды қызықты сәттермен толықтырған сыныптастарымды қимай барамын. Енді олардың маған артқан сенімін ақтап шығуға тырысамын. Барлығына айтар алғысым шексіз, – дейді «Алтын белгі» иегері Азалия Мұхамедина.

Айта кетейік, Биылғы оқу жылын Рудный қаласы бойынша 452 мектеп түлегі аяқтады. Олардың 17-і «Алтын белгі», 13-і үздік аттестатқа ие болды.

Айдын ҒАЛЫМҰЛЫ

газета «Рудненский рабочий»

фото Ануара Нуржанова

Редактор

Recent Posts

В Рудном задержан мужчина, который перерезал горло собаке

Сейчас он находится под подпиской о невыезде (далее…)

4 дня ago

Студент из Рудного стал серебряным призером конкурса профессионального мастерства в КНР

1 ноября  студент Рудненского политехнического колледжа Корякин Артем занял второе место в конкурсе профессионального мастерства…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

This website uses cookies.