Алысты жақындатқан алғашқы күн

Дүйсенбі күні 3 миллионнан астам мектеп оқушысы қашықтан оқыды. «Еларна» мен «Балапан» арнасы мектеп тілінде сөйледі. Мұғалімдер желі арқылы сабақ түсіндіріп, оқушы ата-анасымен бірге жаңаны үйренбекке ұмтылды. Десе де, қашықтан оқытудың салмағы кімге түседі? Бағалау жүйесі өзгере ме?

Сонымен, төртінші тоқсан басталды. Тек оқушылар сөмкесін асынып мектепке бармады. Қолда бар гаджетке үңіліп, одан қалса телеарнаға жүгініп, білім алуды үйде жалғастырды.

«Болғанынан боладысы қызық тойдың» секілді, онлайн оқудың да пәлсапасы мен машақаты мол болды. Аз ғана уақыттың ішінде түрлі интернет платформалар арқылы тікелей оқимыз деген үміт ақталмады. Сөйтіп педагогтар Zoom жүйесінен бас тартып, енді қашықтан оқуды толықтай қолға алды.

Рудныйда Қашар кенті мен Перцев ауылын қосқанда жалпы білім беретін 22 орта мектеп бар. Оларда 15 мыңнан астам бала оқиды. Бүгінде қашықтан оқыту форматынан бөлек «Еларна» және «Балапан» арналарындағы телесабақтар да кәдеге жаратылуда. Бала үйде болғандықтан, ендігі қадағалау – тікелей ата-ананың мойнында. Мамандар кездесер қиындықтар уақытында еңсерілетін болса, соңғы тоқсан 25 мамырда аяқталады деп болжап отыр.

Қазір телеарна 8 сағат бойы 1-11 сынып оқушыларына қызмет көрсетіп тұр. Мәселен, «Балапан» арнасынан 8-сыныпқа қазақ тілінен «Қазақтың бас театры» атты дәріс оқылды. Тыңдау бойынша Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театры туралы мәтін оқып, «Еңлік-Кебек» пьесасынан үзінді берілді. Кейіннен «Жай сөйлемнің» түрлері туралы анықтама беріп, сәйкестендіру тесті экранға шықты. Арнайы уақыт беріп, артынша мұғалім дұрыс жауабын жариялады. Қысқа ғана түсіндіру жұмысы балаға алғышарт ретінде ұсынылған. Оқушы білімін бекіту үшін ары қарай іздене бастайды.

Қашар кентінің тұрғыны Сатира Ескабулованың айтуынша балалары қашықтан оқытуды қуана қабылдаған. Желідегі сабақтың басталуына 10 минут қалғанда Гүлзат, Айдана мен Ұлпан сақадай сай дайын отырады екен. Мұғалім оқушыларды түгендеген соң, жаңа сабақты түсіндіру басталады. Үй тапсырмасын орындап суретке түсіреді немесе видео арқылы жібереді. Ата-ананың сөзінше, интернет жиі қатып қалады. Десе де, олар Bilimland, Daryn Online, Kundelik-ке уақытында тіркелген. «Интернетпен оқығасын ба, балаларымның ынтасы жоғары» дейді көпбалалы ана.

Жаңа формат болғанымен, бағалау бұрынғыдай жүреді. Әр өткен сабақтан кейін, мұғалім Kundelik.kz-ке оқушы туралы пікір қалдырады.

Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының директоры Қымбат Бірманованың айтуынша, қашықтан оқытудың жақсы жағы басым. Өйткені мүлдем сабаққа құлшынысы жоқ оқушылар ата-анасымен бірге тапсырма орындап, дәріске белсенді қатысып жатыр.

– Қазір біз үш негізгі платформамен жұмыс жасап жатырмыз. Мысалы, бәрімізге белгілі WhatsApp желісі арқылы бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасаймыз. Бұл жерде ата-ананың рөлі басым. Өйткені сабақтардың берілуі, тапсырмалардың орындалуы олардың ұялы телефонына келетін болған соң бақылау да күшейді.

Google Classroom – біздің ұстаздар мен оқушылар үшін жаңа білім, жаңа мүмкіндіктер болды. Ол платформамен 3-9 сынып оқушылары жұмыс жасайды. Мұғалім материалдарды оған жүктейді, ал оқушы жүктеп алып сабақ орындайды. Бұл жерде балалардың үйде отырып, өз-өзін реттеу қабілеті қалыптасады, мультимедиялық қорларды пайдалану әдісін үйренеді.

Zoom желісі тікелей онлайн режимде жұмыс жасауға ыңғайлы болғандықтан, онымен 10-11 сынып оқушылары білім алып жатыр.

Әрине қашықтықтан оқытудың салмағы алдымен мұғалімге түседі. Дегенмен біз бұған өте ұқыптылықпен, жауапкершілікпен дайындалдық. Сол себепті барлығы ойдағыдай болуы тиіс, – дейді Қымбат Исланбекқызы.

Оқушы қашықтан оқытудың алғашқы күні-ақ мұғалімнің қадірін түсінген сыңайлы. Әр қиындық қолда бардың бағасын арттыратыны белгілі. Дегенмен мәртебелі мамандық иелерінің қадірін төтенше жағдай кезінде ғана түйсінгеніміз өкінішті.

Айдын АСҚАР

газета «Рудненский рабочий»

Редактор

Recent Posts

В Рудном задержан мужчина, который перерезал горло собаке

Сейчас он находится под подпиской о невыезде (далее…)

4 дня ago

Студент из Рудного стал серебряным призером конкурса профессионального мастерства в КНР

1 ноября  студент Рудненского политехнического колледжа Корякин Артем занял второе место в конкурсе профессионального мастерства…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

This website uses cookies.