Алланың мейіріміне бөленетін күн

Құрбан айт мерекесі биыл шілде айының 31-нен басталмақ. Бұл мерекеде құрбан шалынатындықтан «құрбан мерекесі» деп аталған. Құрбан сөзі «Аллаға жақындау, Алланың разылығын табу» деген мағына береді.

Құран аяттарында: «Намазым, ғибадатым, тірлігім, ажалым күллі әлемнің Раббысы Алла үшін. Оның серігі жоқ. Мен жалғыз Аллаға құлшылық етуге бұйырылдым» делінсе, ардақты Пайғамбармыз хадисінде: «Құрбан айт күні адам баласының ізгі амалының Алла Тағалаға ең сүйіктісі құрбандық қойды сою. Шындығында қиямет күні сол қойдың мүйізі, жүні және тұяқтары алып келінеді. Ағызылған қаны Алланың қалауымен жерге түспестен бұрын оның күнәсі жарылқанады» деген.

Құрбан шалудың мәнісіне көз жүгіртсек, оның қоғамға әкелер бірқатар пайдалары бар екенін аңғарамыз. Атап айтсақ, құрбан шалу – адам бойында бауырластық, өзгеге көмек беру, ынтымақтастық сынды жақсы қасиеттердің пайда болуына және қоғамда әділеттіліктің күшеюіне өзіндік септігін тигізеді. Құрбандық дәулетті кісіні мал-мүлкін Алланың разылығына бөлену үшін беруге үйретеді. Қол ұшын созып, көмектесуге ынталандырады және өзгеге жәрдем беруден алған рахат сезімін ар-ұжданымен сезіндіреді.

Құрбан шалу – түрлі өзіндік және қоғамдық пайдаларын бір шетке қойғанда, бірінші кезекте Алланың разылығы көзделіп жасалатын құлшылық. Құранда Алла Тағала бұл жайында: «Олардың (шалынған малдардың) еттері мен қандары Аллаға әсте ұласпайды. Бірақ, Оған (Аллаға) сендердің тек тақуалықтарың ғана жетеді», – деп бұйырады (Хаж сүресі, 37-аят). Яғни, құрбандық шалудағы көзделген «мақсат пен ниет» Алла разылығы үшін бе, әлде басқа мүдде ме? Міне, сондықтан шалынған құрбандықтың Алла құзырында қабыл болуының ең басты шарты – Алла разылығы үшін шалынуы. Құрбандық құлшылығын шын ниет-ықыласпен орындау керек. Құрбандық айт намазы оқылып болғаннан кейін іске асады. Биылғы елімізде орын алған індетке орай айт намазы оқылмайды, сол себептен таңғы сағат 07-ден бастап құрбан малын шала беруге болады.

Енді құрбандық малын қалай шалған дұрыс? Құрбан ретінде шалынатын малды қинамау үшін өткір пышақ қолдану керек. Малды сол жағымен Құбылаға қаратып жерге жатқызғаннан кейін пышақты көз алдында жалақтатып, қайрау – мәкрүһ (дұрыс емес). Құрбан шалғанда «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар лә иләһа иллаллаһу, уалллаһу әкбар. Аллаһу әкбар уа лилләһил-хамд» деп тәкбір айтылып, «Я, Алла (осы….) шалған құрбандығымды қабыл алып, күнәһи істерімді кешіре гөр. Осы құрбандығымды достың Ибраһим (ғ.с.)-нен, сүйікті елшің Мұхаммед (с.ғ.с.)-тен қабыл еткеніңдей қабыл алып, екі дүние абырой бақытын нәсіп ет!», «Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар» деп бауыздалады.

Құрбандықты мүмкін болса иесінің өзі немесе басқаға өкілеттігін тапсырып сойғызуға болады. Құрбандыққа шалынған малдың еті үш бөлікке бөліп таратылады: туыс-туған, көршілерге; мұқтаж жандарға және өз бала-шағасына.

Дегенмен, малдың етін толығымен кедей-мұқтаждарға таратып беруі сауапты болмақ. Биылғы республикалық «Раббың үшін құрбан шал» қайырымдылық акциясына орай, шалынған мал етін түгелдей мұқтаж-кембағал жандарға тарату үшін мешіттерге тапсыруға болады.

Құрбан айттан бір күн бұрын Арафа күні (30-шілді).

Бұл күннің Исламда алатын орны үлкен және маңызы зор. (Осы күні таң намазынан бастап, тамыз айының 2 күнгі екінті намазына дейін әр парыз намазынан соң, «тәкбір тәшриқ» айту уәжіп-міндет).

Бұл қасиетті Арафа күні Алла Тағала құлдарын кешіріп, жарылқайды. Құдіреті күшті Алланың құлдарына мархаматы түсіп тозақтан құтқарылатыны сүйіншіленген. Бұл күні ауыз бекітіп ораза ұстау сүннет.
Хадисте: «Кімде-кім Арафа күні ораза тұтса, өткен және келер жылғы күнәлары кешіріледі» делінген.

Құрбан айт күндері: Барынша жайдары болып, ренжіскен адамды кешіріп, табысады. Ауырған адамның көңілін сұрап, жетім-жесір, мұқтаж жандарға  қол ұшын беріп, жақындарына, жора-жолдастарына сәлем-
сауқат, сәбилерге сый-сияпат жасаған жөн.

Осылайша бұл мейрам адамдар арасында бір-біріне деген сыйластыққа жол ашып, қоғамның береке мен бірлігін арттырады.

Назарларыңызға бір ескерту: мына елімізде орын алған жұқпалы індетке орай жылдағыдай мешіт жанында немесе басқалай көпшілік орындарда мал шалынбайды.
Мүфтият мәлімдемесі бойынша карантин кезінде құрбандық шалу рәсімін қашықтан өткізу ұйымдастырылды.

Ол үшін құрбан шалғысы келетін қала тұрғындары Qurban2020.kz сайты арқылы тапсырыс беруге болады. Яғни осы сайтқа кіріп Қостанай деп елді-мекенді таңдап, аты-жөніңізді тіркейсіз.

Құрметті мұсылман

бауырлар!

Қала тұрғындары!

Алла Тағала құрбан айтымызды хайырлы құтты қылып, барша ниеттеріңіз бен дұға-тілектеріңізді, шалған құрбандықтары-
ңызды қабыл етсін! Құдай тағала елімізді мына жұқпалы індеттен айықтырып, аман-есендікте болуымызды нәсіп етсін! Әмин!

Бектұрсын УӘЛИЕВ

Рудный қалалық «Нұр»

мешітінің бас имамы

Редактор

Recent Posts

В Рудном задержан мужчина, который перерезал горло собаке

Сейчас он находится под подпиской о невыезде (далее…)

5 дней ago

Студент из Рудного стал серебряным призером конкурса профессионального мастерства в КНР

1 ноября  студент Рудненского политехнического колледжа Корякин Артем занял второе место в конкурсе профессионального мастерства…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

This website uses cookies.