Биылдан бастап жаңа форматқа көшкен атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) халықтың көкейінді осы сұрақтарды туындатқаны сөзсіз. Оған жауап беру үшін Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Гүлшат Ермешекованы сұхбатқа тартқан едік.
– Гүлшат Амантайқызы, биылдан бастап енгізілген АӘК-тің басты ерекшеліктері қандай?
– Біріншіден, жәрдемақы табысына қарамастан барлық көпбалалы отбасыларға беріле бастады. Оның көлемі бала санына қарай 42496-74388 теңге көлемінде.
Екіншіден, АӘК бұрынғыдай әр тоқсан сайын тағайындалмақ. Жәрдемақы кірісі отбасының әр мүшесіне шаққанда күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен болған жағдайда беріледі.
Үшіншіден, АӘК алатын отбасылардағы 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған әлеуметтік пакет енгізіліп отыр.
– Әлеуметтік топтамаға не кіреді? Берілу жиілігі қандай?
– Кепілдендірілген әлеуметтік пакеттің екі түрі бар, олар баланың жасына байланысты.
1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар азық-түлік жиынтығын ай сайын, тұрмыстық химия тауарларын тоқсанына бір рет алатын болады.
6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін ыстық тамақ, мектеп киімдері мен оқу құралдарын сатып алу, жол жүру шығындарын өтеу, сондай-ақ тегін медициналық қызмет көрсету
қарастырылған.
Мектеп жасындағы балаларға әлеуметтік топтама оқу жылының соңына дейін мектеп тарапынан беріледі.
– Жәрдемақыдан бөлек әлеуметтің әл-ауқатын жақсартудың қандай тетіктері бар?
– АӘК-тің жаңа моделінің енгізілуімен еңбекке қабілетті азаматтарға қойылатын талаптар өзгерді. Жұмыстан бас тартқан және жұмысқа тартылған жағдайда АӘК алу құқығын өтініш беруші мен еңбекке қабілетті адамдар ғана емес, сонымен бірге барлық отбасы мүшелері, соның ішінде балалар да жоғалтады.
Сонымен қатар, бала күтімімен айналысатын анаға бала үш жасқа толғаннан кейін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу құқығын беру ұсынылады.
АӘК-тің жаңа форматы учаскелік комиссия институтын нығайтуға мүмкіндік береді. Енді атаулы
әлеуметтік көмек тағайындаудан бас тартудың негіздерінің бірі учаскелік комиссияның отбасылық көмекке мұқтаждықтың болмауы туралы қорытындысы болады.
– 2020 жылдан бастап қанша отбасыға АӘК тағайындалды. Осы мәселе бойынша кімнің көмегіне жүгінуге болады?
– 2020 жылдың басынан бастап АӘК құрамында 287 адам, оның ішінде 195 бала бар 78 отбасыға тағайындалды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
АӘК алуға өтініш білдірген адам (отбасы) Рудный қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-не, мына мекенжай бойынша жүгіне алады: Пионерская көшесі, 21-үй, 8-кабинет.
– Жұмысқа орналасу мәселесіне қайта оралсақ, онда үміткерлер үшін жұмысқа тұрудың қандай механизмдері бар?
– Рудный қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ мамандары жұмысқа орналасуға жолдама берген кезде бос жұмыс орындары мен жұмыс іздеу әдістері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Әңгімелесу нәтижелері тек жұмыс берушіге ғана емес, сонымен бірге өтініш берушілердің де жұмысқа орналасу ниетіне байланысты.
Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаудан бас тартқан жағдайда, өтініш берушілерге жұмысқа орналасудың басқа нұсқалары ұсынылады. Тікелей жұмысқа орналасудан басқа, мемлекет жеңілдетілген шарттармен бизнесті бастау үшін шағын несиелер мен гранттар түрінде қосымша әлеуметтік қолдау шараларын қарастырып отыр.
– Бизнесті бастау үшін жеңілдетілген шағын несиелер мен қайтарымсыз гранттар қандай шарттармен берілетінін айтыңыз?
– «Еңбек» бағдарламасына 2020 жылдан бастап өзгерістер енгізілді. Ол бойынша көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың мүшелері үшін 7 жыл мерзімге (2019 жылы 5 жылға дейін) 21,2 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік бар. Жылдық сыйақы мөлшері 4% (2019 жылы – 6%). Грант мөлшері – 200 АЕК немесе 530,2 мың теңге. Осыларға қол жеткізу үшін үміткерлер «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік бойынша курстардан өтуі керек.
Рудный қаласында 2019 жылы 57 адам 28,8 млн теңге көлемінде тегін гранттар алды, оның ішінде көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандар да бар.
Айдын АСҚАР
газета «Рудненский рабочий»
Сейчас он находится под подпиской о невыезде (далее…)
1 ноября студент Рудненского политехнического колледжа Корякин Артем занял второе место в конкурсе профессионального мастерства…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…
This website uses cookies.