Бірлігі бар ел азбас
Елімізде «Біз біргеміз!» республикалық акциясы қарқынды жүріп жатыр. Оның аясында кез-келген адам жалғызілікті қарттарға, тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға, мүгедектерге көмек қолын соза алады.
Бұл игі істен Рудныйдағы «Нұр» мешіті де шет қалмады. Дін қызметкерлері үй-үйді аралап, кеншілер қаласындағы мұқтаж 20 отбасыға азық-түлік пакеттерін, дәрі-дәрмек пен бетперделер таратты.
– Адам баласына тағдырдың жазуымен сан түрлі қиындықтар кездесуі мүмкін. Тек соған сабыр етіп, келер күнге деген үміт пен сенімді жоғалтпау қажет. Мешіт осы орайда демеушілермен бірлесіп, республикалық акцияға барынша атсалысуда. Қай уақытта болмасын адамдардың бір-біріне деген қайырымдылығы үзілмеу керек деп есептеймін.
Уақытша сынақты әуелі Алланың жәрдемімен, иманымыз бен бірлігіміздің арқасында жеңіп шығатынымызға үміт артайық. Алла Тағала Отанымызды, халқымызды жұқпалы індеттен аман етіп, Өз панасына алып, сақтасын! – дейді «Нұр» мешітінің бас имамы Бектұрсын Уәлиев.
Айта кетейік, бұл күндері жүрекке жылу ұялататын акцияға «Нұр Отан» партиясының Рудныйдағы филиалымен қатар бизнес өкілдері, кәсіпкерлерлер мен жекелеген тұрғындар үн қосып, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға жан-жақты көмек қолын созуда.
Айдын АСҚАР
газета «Рудненский рабочий»
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31