Орта білім беретін үздік ұйым
Облыс орталығында білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Бұл жолғы кеңес «Жаһандық құндылықтар және қазақстандық білім беру жүйесін дамыту үрдістері мен перспективалары» тақырыбын арқау етті. Оған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі және білім беру ұйымдарының басшылары мен облыс педагогтары қатысты
Жиын барысында, әдеттегідей, жыл бойы атқарылған жұмыстарға баға беріліп, болашаққа бағдар жасалды. Сонымен қатар, облыстағы білім беру жүйесінің даму үрдістері мен келешегі жайында баяндамалар жасалып, үздік деген ұстаздар «Ы. Алтынсарин» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен облыс әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталды. Өңірлер қызметінің рейтингтік бағалауының жеңімпаздары да анықталды. Қуаныштысы сол, олардың қатарында №19 орта мектебі де бар. Аталмыш білім ордасы «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауының жеңімпазы атанып, 34 миллион теңгенің сертификатын иеленді. Мектеп директоры Гүлжазира Смағұлова байқауға жиырма мектеп қатысқандығын айтады. Әр білім ордасы өздерінің соңғы үш жылғы көрсеткіштерін ұсыныпты.
№19 орта мектебі талантты ұстаздарға кенде емес. Мектеп мерейін үстем етіп жүрген дарынды шәкірттері де баршылық. Білім ордасы былтыр ҰБТ қорытындысы бойынша облыста бірінші орын алған болатын. Сондай-ақ, республика бойынша үздік он мектептің қатарына енді. Халықаралық, облыстық олимпиадаларда да зор жетістіктерге жетіп жүр. Қаншама авторлық жұмыстар жазылды. Бұл мектеп ұжымының қол жеткізген жетістіктерінің бір бөлшегі ғана. Білім ордасының бүгінгі жетістігі, соның бір жемісі десе де болады.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31